Қазақстандықтарға Тынық мұхитындағы аралға көшу ұсынысы жасалды
Жарияланған күні:
Nur.kz оқырманы Арсен Туған Facebook парақшасында тұрғындарымызға Тынық мұхитындағы Питкэрн аралына көшу ұсынысын жасаған сайттың жазбасын жария етті.
Питкэрн аралдарының бірінде азаматтық алу үшін www.immigration.gov.pn сайтына кіріп, өтініш қалдыру керек. Кейін арал билігінің бірнеше талабын орындасаң жеткілікті.
Facebook жазбасында келесі ақпарат келтірілген:
"Өмірінің соңына дейін мұхит жағалауында балық аулап өмір сүргісі келетіндер үшін қызық ұсыныс жасалды. Тынық мұхитының оңтүстік бөлігінде кішігірім арал-мемлекет бар - Питкэрн аралы (Pitcairn Island) деп аталады. Бұл аралда (Британияның мұхит сыртындағы иелігі саналады) 53 адам ғана тұрады - олардың 43-і - 1789 жылы "Баунти" кемесінде көтеріліс жасаған британдық теңізшілер мен олардың полинезиялық жұбайларының ұрпағы, ал қалған 10 адам - шетелдіктер. Олар аралына жаңа адамдар тарту керек деген тоқтамға келген. Бұл аралға көшуге ниет білдірген әзірге бір-ақ адам табылды. Себебі, ол жерге ұшақтар ұшпайды. Ал кемемен екі күн жүзуің керек. Оның өзінде кеме ол жерге жылына төрт-ақ рет барады. Келген адамға тегін жер телімін жалға береді. Бастапқыда екі жылға ғана, ал кейін өміріңнің соңына дейін тегін тұра аласың. Иммиграцияға ұсыныс үшін 500 жаңазеландиялық доллар қажет. Сонымен қатар аралда екі жыл бойы өмір сүруге мүмкіндік беретін 30 мың жаңазеландиялық ақшаң болуы керек. 2 жылдан кейін жергілікті кеңес сені өз азаматы ретінде қабылдау шешімін шығарады, әрине егер сен шу шығарғыш, қылмыскер адам болмасаң. Ұсынысты мына сілтеме арқылы жіберуге болады - http://www.immigration.gov.pn/immigrate/index.html. P. S. Ол жерде зауыт та, фабрика да жоқ - тіршілік ету үшін тек балық аулау қажет", - деп жазады Арсен Туған.
Аралда өз почтасы, мемлекеттік офис, аптасына үш күн жұмыс істейтін дүкен, Жаңа Зеландиядан тартылған телефон байланысы және Wi-Fi-мен жабдықталған үйлер бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1091111-qazaqstandyqtargha-tynyq-mukhityndaghy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.