Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда адасып жүрген 4 жасар балақайдың анасы іздестірілуде

Опубликовано:

Таразда 4 жасар баланың ата-анасы іздестірілуде. Өзін Әлихан деп таныстырған балақайдың жақындары жеті күннен бері табылатын емес деп хабарлайды КТК арнасы.

Көшеде жалғыз жүрген жерінен оны тәртіп сақшылары бейімдеу орталығына әкеліпті.

Мұндағы мамандар бүлдіршінді танып-білгендер болса хабарласуларын сұрайды. Облыс көлемінде әзірге «бала жоғалттым» деп хабарласқан жан жоқ. Соған қарағанда адасқан бүлдіршін өзге қаладан болуы мүмкін.

Тілі толық шықпаған ол тек анасының есімі Алтынай екенін айтып, сол шешесі екеуі Алматыдан Тараздағы әжесінің үйіне қонаққа келгенін әзер түсіндірген. Ал одан өзге мәлімет жоқ. Бала бейімдеу орталығына тез үйреніп, мұндағылармен тіл табысып үлгеріпті. Алайда анасын қатты сағынғаны байқалады.

"Мен сені сағындым, мені алып кетші", - дейді балақай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1092399-tarazda-adasyp-zhurgen-4-zhasar-balaqayd/

pixel