Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семей тұрғыны 20 жыл бұрын жоғалған ұлын іздеп жүр

Опубликовано:

Семей тұрғыны Даниал Сүйінжанов 20 жыл бұрын бес жасында лагерьде із-түзсіз жоғалып кеткен ұлын әлі іздеп жүр. Бұл туралы "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Ұлы табылмағанына 20 жыл өтсе де, әке жүрегі үмітін жоғалтар емес. Даниал Сүйінжанов көмек сұрап қала әкімдігіне жүгінді.

"1996 жылы мен өзімнің бес жасар Ержанымды "Сосна" санаториіне жіберген болатынмын. Оларды 16 адамнан құралған топпен таңертеңгілік қыдыруға алып шыққан. Сол кезде менің ұлым жоғалып кетті. Ал бұл жайтты санаторий басшылығы менен үш күн бойы жасырған. Содан бері ұлымды іздеп жүргеніме 20 жыл уақыт өтті. Осы жылдарда біздің іс бойынша тергеу орнынан қозғалған жоқ. Ешбір жерде баланың мәйіті де оны көрген куәгерлер де жоқ. Олай болуы мүмкін бе? Бәлкім санаторий қызметкерлері жауапқа тартыламыз деп кей шындықты жасырып қалған шығар? Жирыма жыл өткесін оларды ешкім жазалап жатпайтынын түсініп, бүгінде сол шындықты ашуға батылдары жетіп қалатын шығар деп үміттенемін", - дейді ол.

Сүйінжанов 1966 жылы маусымда Ержан демалған санаторийде болған өзге балалармен сол кезде оған сөйлесуге рұқсат етпегенін айтуда.

"Бүгінде олар ер жетті ғой, бәлкім олар да бүгінде бір ақпарат бере алатын шығар?  Прокуратура мен полицейлер тым көп уақыт өтіп кетті деп қол қусыруда, ал мен тергеу жалғасқанын талап етемін. Мен сенемін, оның тірі екенін жүрегім сезеді. Мен баламды мемлекетке бердім, енді сол мемлекеттен ұлымды іздестіруді тоқтатпауын талап етемін. Өлі болсын, тірі болсын, ұлымды қайтарыңыздар", - дейді ашынған әке.

Даниал Сүйінжанов сан рет экстрасенстерге де жүгінгенін айтып отыр. Көріпкелдердің барлығы дерлік ұлының тірі екенін, Алматы облысының мұсылман отбасы оны асырап алып, Ақмал деген есім бергенін айтқан екен.

"Егер бұл шындық болса, мен сол адамдарды маған бір хабар беріп, ұлымның аман-есен екенін айтуын сұраймын. Енді олар да ата-ана ретінде баланы жоғалтудың қаншалықты ауыр екенін түсінетін шығар", - деп өтінді Даниал.

Бүгінде Даниал Сүйінжанов ұлының фотосы салынған және әке сағынышы баяндалатын өз өлең жолдары жазылған футболка киіп, Астанаға велосипедпен жол тартпақ.

Ол осылайша, қоғам назарын өз мәселесіне аудартып, ұлын тауып алудан үмітті.

Татьяна Рязапованың материалынан аударылды.

Тағы да оқыңыздар:

ОҚО-да аудан әкімі жұмыс күнін әруақтарға құран бағыштаудан бастайды (фото)

Амангелді Айталы жаңа "Жер кодексіне" жалпы мораторий жариялауды ұсынды

Алматыдағы Республика алаңы қайта ашылды

Қазақстан мен Ресейдің арнайы қызметі теракт жасамақшы болғандардың жолын кесті

Қазақстанның қай жоғары оқу орындары 2016 жылы үздік деп танылды?

Мәдениет министрі Нұрсұлтан Назарбаев туралы алтыншы фильм түсіретін болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1134518-semey-turghyny-20-zhyl-buryn-zhoghalghan-ulyn/

pixel