Нағыз қызылордалыққа тән 15 ерекшелік
Жарияланған күні:
Қызылорда тұрғындарына тән 15 ерекше қасиетті Әлия Мұсаева есімді тұрғын "Социум Кызылорда" блог-парақшасында тізбектеді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.
1. Егер танысу кезінде ол сізден "Руың қандай?" деп сұрайтын болса, оның қызылордалық екеніне сенімді бола аласыз. Қызылордалықтар қан тазалығын бірінші кезекке қояды;
2. Қызылордалықтар кеңінен көсіліп қыдырғанды ұнатады. Олар қонақжай әрі мейірімді, сіздерді танымаса да дастарханға шақырады;
3. Өзге қалада жүрген қызылордалық тек арнайы таксидің қызметін пайдаланады;
4. Егер сіздің қалаңыздағы қонақ краныңыздан ыстық су ағып тұрғанына таңырқап, "бойлер орнатқансыз ба?" деген сұрақ қойса, оның қызылордалық екеніне күмәніңіз болмасын;
5. Өз аймағында климаттың қолайсыз болуының арқасында қызылордалықтар еліміздің солтүстігінде де, оңтүстігінде де емін-еркін өмір сүре алады. Көп елдерде 50 градус ыстықта төтенше жағдай жариялап жатса, қызылордалық мұндай ауа райында сыртта қыдырып, үйге келгенде ыстық шай ішеді;
6. Егер сіз өз қалаңызда күнге жақсылап қыздырынған адамды көріп қалсаңыз, оны Дубайда демалып келді деп ойлап қалмаңыз. Себебі, ол "Қамбаш" көліне барып, демалып қайтқан қызылордалық болуы мүмкін;
7. Қызылорда тұрғындарының 92 пайызы ғана қазақтар болғанына қарамастан, қазақ тілінде 99 пайызы сөйлейді. Әр қызылордалық өзінің таза қазақ тілінде сөйлеп жүргеніне күмән келтірмейді;
8. Тек қызылордалық қана діттеген аялдамаға жету үшін лық толы автобуста кез-келген қалыпта тұра алады. Бұл - өзіндік қалалық экстрим түрі;
9. Егер ол темекіні екі қолымен жауып шегетін болса, оны нақты Қызылорда тумасы деуге болады;
10. Қызылордалық өз киіміне үлкен мән беріп, киіміне қарай қарсы алатынын естен шығармайды;
11. Қазақстан бойынша ең сұлу қыздар Қызылордада тұрады;
12. Кей қызылордалықтар өзінің қызылордалық екенін айтудан ұялады;
13. Жел көтерілсе, нағыз қызылордалық "зымыран ұшты" деп айтады;
14. Қызылордалық "қойшиш", "не зат анасы", "айландыр айландыр", "әпше" және өзге де түсініксіз сөздерді ешуақытта айтпайды;
15. Егер өз қалаңызда көшенің қақ ортасымен жүріп бара жатқан адамды көріп қалсаңыз, ол - қызылордалық. Себебі, Қызылордада жаяужол жоқ.
Жалпы Қызылорда тұрғындары - өте жайдарлы, әзілқой әрі мәселеге қатты уайымдамай, "Тәуекел бір нәрсесі болар" деген көзқараспен қарайтын адамдар.
Әлия Мұсаеваның материалынан аударылды.
Тағы оқыңыз:
Қанат Бозымбаев журналистерге қазақ тілінде сұхбат беруден бас тартты
Айгерім Оспанбекованың өліміне қатысты жаңа деректер анықталды
Кейкі батырдың бас сүйегін елге жеткізу бірнеше жылға созылуы мүмкін
Елімізде бала көтере алмай жүрген 1 млн-нан астам әйелдің көбі халық емшілерін жағалап кеткен
Бердібек Сапарбаев: Биліктің кемшілігі – халықпен сирек кездесуі
Атырауда 16 жасында жүкті болып қалғандарға қатысты қылмыстық істің көбі үйлену тойымен аяқталады
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1137740-naghyz-qyzylordalyqqa-tan-15-erekshelik/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.