Мәсiмов 10 сотық жерді қазақстандықтарға бөлуге қатысты ойын айтты
Жарияланған күні:
Бүгiнде мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жеке тұрғын үй құрылысының инфрақұрылмын дамытуға үлкен көңiл бөлінуде. Осы мақсатқа қаражат қарастырылады.
Қазақстан премьер-министрi Кәрiм Мәсiмовтың айтуынша, инфрақұрылыммен қамтамасыз етiлген жерде 10 сотық бөлу осы мәселенi шешуге оң ықпал етедi. Бұл туралы ол парламент палаталарының бiрлескен отырысында айтты, деп хабарлайды BNews.kz.
«Экономика өсiмiн қамтамасыз ету үшiн тұрғын үй құрылысын ұлғайту қажет. Бағдарламадағы жаңа бағыттардың бiрi – жеке тұрғын үй құрылысына инфрақұрылым тарту. Бұл облыстық әкiмдiктер арқылы жасалады. Соңғы уақытта жер мәселесiне қатысты пiкiрталастар көп. Үкiмет заңнамаға өзгерiстер енгiзудi қолдап, осы мәселенi қарастырды. Бiздiң ойымызша, инфрақұрылыммен қамтамасыз етiлген жерде 10 сотық бөлу осы жағдайды шешуге оң ықпал етедi. Сондықтан ресурстардың бiр бөлiгi жеке тұрғын үй құрылысының инфрақұрылмын дамытуға жұмсалады», - дедi Мәсiмов.
Астанада Қазақстан парламентi палаталарының бiрлескен отырысы өтiп жатыр. Отырыста депутаттар Үкiмет пен республикалық бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi есеп комитетiнiң 2015 жылғы республикалық бюджеттiң орындалуы туралы есептерiн қабылдайды.
Тағы оқыңыздар:
АҚШ-та тұратын қазақ қызы Mrs.Asia Hollywood Queen-2016 байқауында бас бәйгені жеңіп алды (фото)
Салафизм ағымының "байсалды" түрін ұстанатындарды қалай ажыратуға болады?
Сарапшылар қазақстандық ауыр атлеттерді үлкен саясаттың құрбаны деп атады
Талдықорғанда полицей мас ер адамнан әйелді қорғаймын деп көз жұмды
Үкімет 8 миллиардқа жуық теңгені тағы игере алмаған
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1163199-masimov-10-sotyq-zherdi-qazaqstandyqtargh/