Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аяғына екі түрлі шұлық киген Кәрім Мәсімов жұрттың күлкісіне қалды (фото)

Опубликовано:

Кеше елордада билік өкілдерінің қатысуымен «Астана-Дуатлон-2016» жарысының өткені белгілі деп хабарлайды skifnews.kz.

Премьер-министр Кәрім Мәсімов бастаған "элита" қатарында президент әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Болат Жәмішев және велоспорттан Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтар болды.

Жарыстың нәтижесі қоғамда сөз болған жоқ, жұрттың талқылағаны осы "элита" өкілдерінің киімдері болды. Әсіресе, әлеуметтік желі пайдаланушыларын Кәрім Мәсімовтің екі түрлі шұлық кигені күлкіге қарық қылды.

Ал, оның спорттық жейдесін көрген жұрт "Мәсімов шаңғышы болып кеткен бе?" деп әзілдеп жатты. Сондай-ақ, премьер-министр мен мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қатар тұрып түскен суретін көргендер француздар түсірген "Астерикс және Обеликс" фильмін есіне алып жатты.

Ал, шындығына келгенде, Мәсімовтің киген киімі де, мінген велосипеді де арзан дүние емес екені көзге оттай басылды. Оның екі түрлі шұлығы расында білместіктен емес, қазіргі жастар арасында, әсіресе футболшылар арасында "мода" екенін айта кету керек.

Тағы да оқыңыздар:

27 маусымға арналған жұлдыз-жорамал

Березовка тұрғындарына арнап үй салуға БҚО әкімінің өзі кірісті (фото)

Түркияда Ердоғанды мазақтаған блогерді әкелік құқығынан айырды (фото)

Атырауда өзбек мигранттарын бопсалаған полицей шенінен айырылды

Ирандық жігіт "таудай" бұлшық еттерін көрсетіп мақтанды (фото)

Еуро-2016: Ірі есеппен ұтылған Венгрия футболшылары жанкүйерлерімен қоштасты (фото)

Карелияда көлге батып кеткен 14 баланың сүйегі табылды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1172524-ayaghyna-eki-turli-shulyq-kigen-karim-mas/

pixel