Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көріпкелге сенген павлодарлық қария 900 мың теңгесінен айырылып қалды

Жарияланған күні:

Павлодарда зейнеткер көріпкелдің тұзағына түсіп, 900 мың теңгесінен айырылған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар облысының ІІД әлеуметтік желілерді, БАҚ, WhatsApp мессенджерін пайдалана отырып, тұрғындардың сеніміне кіріп, ақша аударуға мәжбүрлейтін фактілердің көбейгенін ескертеді.

"Алаяқтар ақша алу үшін түрлі әдістер қолданады. Мысалы, 60 жастағы зейнеткер теледидарда нөмірі көрсетілген көріпкелге хабарласып, қызын аурудан емдегісі келген. Алаяқ оған бес сеанстың ішінде қызын сауықтыруға уәде берген. Зейнеткер қаражатты бөліп, бір айдың ішінде жіберіп отырған. Кейін көріпкел телефонын өшіріп тастаған", - деді баспасөз қызметінде.

Сонымен қатар, «QIWI Кошелёк» терминалы арқылы қаражат жіберіп, алаяқтардың тұзағына түскендер көбейіп келеді. Олардың арасында жұмыс іздеп жүріп алданып қалған келіншек бар.

Ол хабарламада берілген нөмірге телефон шалады. Ар жағынан ер адам Павлодарда ірі компанияның филиалын ашқалы жатқанын және мамандар қажет екенін айтып, құжаттарының көшірмесін жіберуді сұраған. Ал, кейін «QIWI Кошелёк» арқылы 4200 теңге аудару керек екенін ескертеді.

Бұдан әрі қаражат шотқа түскеннен кейін, "ақша түспей жатыр, тағы да жіберіп көр" деп өзі қоңырау шалған. Бұл талапты орындамаған жағдайда құжаттары бар екенін есіне түсіріп, бопсалауға көшкен. Осылайша, аңғал келіншек алаяқтың шотына 80 мың теңге қаражат аударған.

Тағы да оқыңыздар:

Астана жұрты Салидат Қайырбекованы соңғы сапарға шығарып салды (фото)

Ерке Есмаханның көлеңкесінде қалған молда ағасы жалыққанын айтты

Шымкенттік журналист Төреғали Төреәліге неліктен дауыс көтергенін айтты

Елімізде ерте жастан жүкті болып қалатын қыздар көбейген

Мақпал Исабекованың жартылай жалаңаш фотосы жұрттың ашуын келтірді

Сериалдағы эротикалық көрініске елірген ақтөбелік жиен қарындасын зорлап тастады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1179529-koripkelge-sengen-pavlodarlyq-qariya-900/