Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда террорлық қауіптің қызыл деңгейі алынып тасталды

Опубликовано:

Алматы қаласы аумағында лаңкестік қауіптіліктің қызыл деңгейі алынып тасталды, деп хабарлады Алматы қалалық терроризмге қарсы күрес бойынша шұғыл штабынан.

«Алматы қаласы аумағында лаңкестік қауіптіліктің қызыл деңгейі алынып тасталды. Заңсыз әрекет жасаған күдікті ұсталды. Ұстау барысында ол қарсылық көрсетті. Сондықтан қарусыздандырылды. Қазір ұсталған күдікті қамауға алынды. Жедел және әлеуметтік кешенді шаралар барысында мынадай жәйттер анықталды. Бүгін таңертең күдікті жеке такси жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасады. Соның салдарынан жас әйел - таксидегі жолаушы қаза тапты. Қазір қалада жағдай тұрақталды. Қауіп-қатер сейілді. Құқық қорғау органдары жағдайды толығымен бақылауға алды», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бүгін күндізгі сағат 11 шамасында Алматыда полицейлер мен белгісіз адамдар арасында атыс болды. Салдарынан 3 полиция қызметкері мен 1 бейбіт тұрғын қаза тапты.

Осыдан соң, қалалық ІІД Алматы қаласы бойынша антитеррорлық операция жүргізіліп жатқанын хабарлап, қалада террорлық қауіп-қатердің қызыл белгісін енгізді.

Алматыдағы атысқа бұрын адам өліміне қатысты болған 27 жастағы Қызылорда облысының тумасы кінәлі деп айтылуда.

Бүгінде қалада қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, тұрғындар өте сақ қимылдауда.

Алматыдағы лаңкестік оқиға бойынша барлық жаңалықтарды мына жерден таба аласыздар

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев Алматыда болған атысты теракт деп атады

БАҚ: Алматыдағы атыс кезінде мәжіліс депутатының інісі қаза болды

Алматыдағы елді дүрліктірген шабуыл: Оқиғаның хроникасы (фото, видео)

Алматыдағы атыстан қаза тапқан «Күзет» қызметкерінің артында екі баласы қалды

Алматыдағы оқиғадан хабардар болған ақтөбеліктер қорқынышпен отыр (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1193502-almatyda-terroristik-qauiptiliktinh/

pixel