Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздегі қыздардың көпшілігі 15 жасынан бастап жыныстық қатынасқа түсетін болып шықты

Опубликовано:

Еліміздегі қыздардың 20 пайызы 15 пен 17 жас аралығында алғаш рет жыныстық қатынасқа түседі екен. Бұл «Аман-саулық» қоғамдық қоры келтіріп отырған мәліметтер деп хабарлайды 31 арна.

Ең өкініштісі тәукелге барып, жігітпен ерте көңіл қосатын бойжеткендер, жұқпалы аурулар мен жүкті болып қалудан қалай қорғану керектігінен бейхабар. Соның салдарынан жасанды түсік жасатуға баратын қаракөздеріміздің саны артып келеді.

"Аман-саулық" қоғамдық қорының президенті Бахыт Түменова жасөспірімдерімізге мектеп қабырғасынан бастап "жыныстық қатынас мәдениетін" түсіндіру керек деп санайды. Біріккен ұлттар ұйымының әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитеті осыдан 6 жыл бұрын еліміздегі білім ошақтарында репродуктивтік денсаулық пен контрацепция әдістерін түсіндіретін арнайы пән енгізу туралы ұсыныс жасаған екен. Алайда бұл бастама сол күйі қолдау таппай қалған -дейді маман.

"Біз онда 10-12 жастан бастап мектепке осы пәнді енгізіп, балаларға кәдімгі өздерінің жасына байланысты дұрыстап түсіндіріп, психологтар бар, педагогтар бар, дәрігерлер бар дегендей осы жұмысты бастауымыз керек", - дейді "Аман-саулық" қоғамдық қорының президенті Бахыт Түменова.

Ал дім қызметкерлері жасанды түсік жасатумен ғана күресіп қоймай, оған апармаудың жолдарын да қарастырғанымыз абзал. Алдымен, жастарымыздың жүрегіне иман ұялатып, нәпсісін тыюға, зинаға бармауға тәрбиелеуіміз керек -дейді. Имамдардың айтуынша, ер мен әйелдің бір-біріне көз сүзіп қарауы, некесіз көңіл қосуының өзі күнә.

"Ананың алтын құрсағына біткен шарананың бойында жан бар. Алла тағала оған жан берді. Кәдімгі жүрген адамды өлтірдің не, ананың құрсағындағы баланы өлтірдің не бірдей күнәсі. Сондықтан осындай жаны бар кішкентай шақалақты ананың ішінде, жатырда жатқан кезде өлтіру оған рұқсат берген күйеуі де, оны алдырған қыз бала да Алла алдында үлкен жазаланады. Оның күнәсі өте ауыр", - дейді  имам Ермек Жамбылұлы.

Жалпы елімізде тығырыққа тіреліп, жасанды түсік жасату туралы ой қуалап, жақындарынан қолдау таппай жүрген қыз-келіншектерге арналған сенім телефондары жұмыс істейді. Жас аналар бұл жерден тегін кеңес тыңдап, мединицалық көмекке нұсқаулық ала алады.

Тағы да оқыңыздар:

Шымкенттік келіншек күтпеген жерден той үстінде босанып қалды

Алматыда қаза тапқан полицейдің артында аяғы ауыр әйелі қалды

Қазақстанға танымал спортшы айықпас дерттен көз жұмды

Ел аймақтарында аяқ астынан қант бағасы қымбаттап кетті

Атыраулықтардың бар ақшасы өзбек жұмысшыларының қалтасында кетіп жатыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1195181-elimizdegi-qyzdardynh-kopshiligi-15-zhasy/

pixel