jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Грантқа түсіп алып, университетті жарты жолдан тастап кеткендер бюджет ақшасын қайтаруы мүмкін

: UGC

Оқудан шығарылған студенттер бюджет ақшасын қайтаруы тиіс. Өйткені, қыз-жігіттерден мемлекеттік гранттың ақысын төлеу талап етілгелі жатыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Есеп комитеті түрлі себептермен университетті жарты жолдан тастап кеткендерге бір жылда миллиард теңге жұмсалғанын анықтапты. Ал, бұл шығынға бүгінге дейін ешкім жауап бермей келген.

"Кейбір студенттер мысалы, оқу кезінде үлгермейді, тәртіп бұзушылықтар бар, өзінің арызымен кеткендер бар. Бұларға да ақша жұмсалды. 365 студент солай кетіп отыр. Бұл бірақ заң жүзінде реттелмегендіктен ақша кетіп қалған студенттерден қайтарылмай жатыр", - дейді Есеп комитетінің мүшесі Совхозбек Құлмағанбетов.

Есеп комитеті Білім министрлігіне студенттерден осы шығынды қазынаға қайтаруды талап етіп, оны заңмен бекітуге кеңес берді. Бұдан бөлек былтыр еліміздегі жоғары оқу орындары бюджеттің 7 миллиард теңгесін тиімсіз пайдаланғаны анықталыпты. Яғни, ректорлар түрлі қажеттілікке деп бюджеттен миллиардтарды бөлдіргенімен соңында иегере алмай, банктегі депозиттерінде ұстап отыр екен.

Ал, 2 миллиардқа жуық теңге тіпті мақсатсыз жұмсалған. Мәселен, Шығыс Қазақстанда 500 студентке арнап салынған жатақханада 250 орын қажет болмай бос тұр. Қазынаның қаржысын ысырап қылғандардың қара тізімін Өскемендегі Серікбаев атындағы мемлекеттік техникалық университет, Алматыдағы Қаныш Сәтпаев атындағы техникалық университет, Солтүстік Қазақстан облысындағы тағы бірнеше оқу орны бастап тұр.

Тағы оқыңыздар:

Жыл басынан бері Ақтөбеде мыңға жуық жас қыз жасанды түсік жасатқан

Кафелетіп, сыралатып үйренген бойжеткен қалай хиджап кигенін айтып берді

Руслан Күлекбаев: Расында, мен судьялар, прокурорлар мен полицейлерден кек алғым келді

Назарбаевтың қолына хат ұстатқан оқушы президентпен кездесудегі әсерін айтты

Күйеуінен ажырасып кеткен "КешYou-дің" экс-әншісі бала тәрбиесіндегі сырымен бөлісті

Грантқа түсіп алып, университетті жарты жолдан тастап кеткендер бюджет ақшасын қайтаруы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.