RU

Ақтөбедегі теракт кезінде ерлік көрсеткен 9 әскери қызметкер марапатталды (фото)

Лаңкестік оқиға кезінде ерлік танытқан ақтөбелік әскери қызметкерлер марапатталды. №6655 әскери бөлімінің 9 қызметкеріне «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалі берілді, деп хабарлайды Bnews.kz.

Ақтөбедегі №6655 әскери бөлімінің қызметкерлері 5 маусым күні болған лаңкестік шабуыл кезінде өз міндеттерін абыроймен орындап шықты. Ерлік көрсетіп, қарулы топқа табанды қарсылық танытқан, қару-жарақты қолға түсіріп, өңірдің шырқын бұзу мақсатына шабуыл жасаған лаңкестерге тосқауыл бола білген бір топ әскери қызметкер алғысқа бөленді.

Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымовтың бұйрығымен 9 әкери қызметкерге «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалі берілді. Төсбелгіні «Батыс» аймақтық қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Қайрат Ақтанов табыс етті.

«Қару-жараққа қол жеткізіп, ел ішіндегі тыныштықты бұзуды мақсат еткен лаңкестерге әскери бөлімнің жеке құрамы қарсы тұра білді. Олар өз дайындықтары мен шеберліктерін көрсетті. Әскери қызметкерлер Отанды қорғау борышын адал атқарып, табандылық көрсетті», - дейді ол.

Қарулы топқа қарсы шыққандардың бірі келісімшартпен жұмыс істеп жүрген Еламан Жанәділов. Оқ оның өкпесіне тигендіктен жауынгер қазір ауыр жаттығулардан босатылған. Дегенмен, қызметтен шеттетілген жоқ.

«Ол күні мен автопарк аумағында болдым. Өкпеме оқ тиді. Дәрігерлердің көмегімен аман қалып, қайта жұмысқа кірістім», - дейді ол.

Айта кетейік, «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалін сержант Ғабит Балжанов, әскери бөлімнің медициналық бекетіндегі бас маман Ирина Балмағамбетова, атқыштар батальоны ротасының жүргізушісі Сатыбай Рахмет, жедел қызметтің аға сапері, ефрейтор Жеңіс Табынбаев және мерген Исламжан Тұрсын алды. Мерген Артем Авдеев, граната атқыштың көмекшісі Ілияс Қарақайшыев, мерген Ақжол Шайсұлтан да арнайы төсбелгі тақты.

Тағы оқыңыздар:

Үнділікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы еліне оралғысы келетінін айтты (фото)

Ақмола облысында туу туралы куәлікке әлі күнге дейін ҚазКСР деп жазылуда (фото)

Мұрат Телібеков ислам әлеміне кір келтіргені үшін Ердоғанның үстінен арызданбақшы

NUR.KZ-тегі мақаладан соң ОҚО-дағы 6 балалы анаға кәсіпкерлер үй салып берді (фото)

Академик қазақ балаларының білімі төмен деген министрдің сөзін жоққа шығарды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1206970-aqtobedegi-terakt-kezinde-erlik-kors/