Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шала-қазақ" тіліндегі ең танымал тіркестер белгілі болды

Жарияланған күні:

Бүгінде қазақ жастары қазақша-орысшаны араластырып, «шала-қазақ» тілінде сөйлеуді сәнге айналдырған. Ресми түрде тіл деп танылмаса да, қазіргі таңда "шала-қазақ" тілі кең қолданысқа ие.

Stan.kz сайты жастар арасында сауалнама жүргізіп, шала-қазақ тіліндегі ең жиі қолданылатын сөздердің рейтингін жасады. Бұл орайда бірінші орын – "Чё там, қалайсың?" тіркесіне бұйырды.

Ең танымал тіркестердің қатарына: "в общем, солай ғой", "мешать етпе", "маған вообще бәрібір" және "если что, званда" тіркестері кірді.

Жігіттер қауымы бір-біріне "Брат – денесі квадрат" деп жиі қалжыңдайын көрінеді. Ал жастар «Обнаглелсың ба?» деп дөрекі тіркесті жұмсарта қолданады екен. "Қызықсың сен, братишка!" сөз тіркесі MC Сайлаубектің арқасында танымал болып шыға келді.

"Шүкір пойдет, өзің как?", "вечно соңдайсың", "конечно, білем", "шын айтам, как ана есть қой" сынды тіркестерді өзіңіз де күн сайын естіп жүрген боларсыз.

Тарих ғылымдарының докторы, публицист, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Сағымбай Қозыбаевтың пікірінше, қазақстандықтардың орыс тілін меңгергені өте жақсы, алайда екі тілді араластырмай, айтарыңды тек бір тілде айтқан жөн.

«Қазақ тілі мен орыс тілін өзара қарсы қоюға әсте болмайды. Екі морфологиялық жүйенің араласуына, яғни екі тілдің бірге қолданылуына тіптен жол бермеу керек», – деді Сағымбай Қабашұлы.

Сондай-ақ, профессор, жаңадан тіл үйреніп жүрген жандарға кешіріммен қарауға болатынын айтты.

«Ондай жағдайда тіл үйренушілерге түсіністік танытып, дұрыс бағдар көрсетуіміз қажет», – дейді профессор.

Қозыбаев тілімізде кең қолданысқа ие болған «братішке», «семішке», «бәтіңке» сынды сөздерге мүлдем қарсы екендігін айтты.

«Мұндай сөздерді, негізінен, сырттан келген жастар енгізді. Көбінесе бұл тіркестерді студенттер қолданады. Қалжың қалжыңымен, алайда бұл сөздерді қолдануды біз әдетке айналдырып алдық. Кез келген әдеттен арылуға болады. Ең бастысы, жастар мұндай сөздерді қолдану арқылы қазақ тіліне де, орыс тіліне де абырой әкелмейтіндерін түсінулері керек», – деп түйіндеді сөзін Сағымбай Қозыбаев.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев: Ниязымбетов пен Левитті Олимпиаданың алтын жүлдегері деп санау керек (фото)

Жұма сайын мешітке барып, дұға тілеген орыс әйелдің ұлы ауыр сырқаттан жазылып кетті

Павлодар облысында келіншек 16 жастағы қызын жүкті қылып қойған көңілдесін кешіре салды

Атышулы кәсіпкер әйел Лилия Рахқа қатысты тұтқындау туралы қаулы өзгеріссіз қалды

Шетелдік блогер жымиып күлген қазақ бүлдіршінін әлемдегі ең бақытты бала деп атады (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1233640-shala-qazaq-tilindegi-enh-tanymal-tirke/