jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Шетелдік блогер жымиып күлген қазақ бүлдіршінін әлемдегі ең бақытты бала деп атады

: UGC

Танымал амеркиалық саяхатшы, фотограф әрі блогер Сьюзан Портной қазақтың бауырсағына ғашық болып қалды. Бұл туралы NUR.KZ порталы theinsatiabletraveler.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Америкалық фотограф Моңғолиядағы қазақтардың тұрмыс-тіршілігінен теңдессіз фотолар түсіріп, қазақ халқының дәстүрлерімен танысып қайтқан.

Шетелдік қазақтың тойы мен бауырсағына тәнті болғанын өз желі парақшасында жазған.

"Бауырсақ - қазақтардың майға қуырып әзірлейтін ұлттық тағамы. Киіз үйде дәм татқан барлық тағамдарының ішінде мен бауырсаққа ғашық болдым", - деп жазған саяхатшы.

"Ал мынау - әлемдегі ең бақытты балақай. Оның тоқтамай күлгенінен біз де еріксіз күле бердік", - деп жазды Сьюзан фотоның астына.

Шетелдік қазақ тойының ешбір елде қайталанбайтын ерекше тұсын байқаған.

"Қазақ тойының мен болған өзге елдердегі тойлардан ерекшелігі - күрес жарысының ұйымдастырылуы. Мына жігіт күресте бірінші орын алып, тойда ат жеңді", - деп таңданды ол.

"Отбасындағы ақсақалдың шай ішіп отырған сәті. Мен қарияның кесені қолына ерекше әдемі ұстағанына тәнті болдым", - дейді Сьюзан.

"Мына ер адам сырқаттанып қалған екен. Қанша сырқаттанса да, ол бізді үлкен қонақжайлықпен қарсы алып, домбырамен ән салып берді", - деп түсіндірді шетелдік.

Тағы да оқыңыздар: 

ОҚО тұрғыны халал тойдан қалай мас болып келгенін баяндады

Топтасып зорлық жасағандарды өмір бойына бас бостандығынан айыру керек пе?

Оралда 19 жастағы бойжеткенді қағып өлтірген полицей емін-еркін бостандықта жүр

Есікте қыз зорлаған төртінші күдіктіні туыстары үйіне жасырып келген

Еркінен тыс алып қашқан қыз басына орамал таққызбай жанұшырды (видео)

Босниялық жұп өздерінің жерлеу рәсімінде ән айтып, би биледі

Шетелдік блогер жымиып күлген қазақ бүлдіршінін әлемдегі ең бақытты бала деп атады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.