Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде әйелі алты баласымен отбасын тастап кеткесін отағасы инсульт алды (фото)

Опубликовано:

Ақтөбеде 42 жастағы ер адам есігі жоқ, едені төселмеген үйде алты баласын жалғыз асырап отыр деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.

42 жастағы Бақыт Шыныбеков сауда жасаймын деп Тараз қаласына кеткен әйелін қайтара алмай отырғанын айтады.

«Балалар анасының қасында болып, бәріміз отбасы болып тұрсақ екен дейміз. «Саудаңды осы жақтан да істей берсейші» дегеніме көнбей отыр. Кезінде банктен миллион алып, саудасын бастаған болатын. Соны өзі жауып жатыр. «Келіп, балаларға қара» деп айтып жатырмын. Ол шаруасын тастап кете алмайтынын айтты. Енді ол да жас емес, 39 жасқа келген әйел. Білмеймін...», - дейді Болат Шыныбеков.

Алты балалы әкенің айтуынша, әйелін үйге қайтуға көндіре алмаған соң қиналып кеткенін айтады. Әйелімен соңғы рет сөйлескеннен кейін инсульт алған.

«Ауруханаға өткен жұмада түстім. Әйеліммен сөйлескеннен кейін осы жағдайға ұшырадым. Бірінші оған қоңырау шалып, көмек көрсетуін сұрадым. Жұмыссыз қалғанымды айтып, балаларға тамаққа ақша керек екендігін айтқан едім. Ол ақшасының жоқтығын айтты. Ол жақта табыс болмаса қасымызға келсейші дегенмін, ол көнбеді. Балаларды уайымдадым, жоқшылықтан балаларыма жейтін не тауып берем деп қиналдым. Өзіме де қолайлы жұмыс табылмай қалды. Уайымдап жаттым. Сол күні ертеңіне тұрғанда тілім жансызданған сияқты болып тұрды. Балаларым «папа, мас сияқты сөйлеп жүрсің» дейді. Дәрігерге қаралғанымда ауруханаға жатқызып тастады»,- дейді алты балалы әке.

Шыныбековтер отбасы саяжайда құрылысы аяқталмаған үйде тұрып жатыр. Үйде қолға ілігер зат жоқ. Бетон үстіне жайылған көрпеде сырт киімдерімен ойнап жүрген балалар бір табақ болып күйіп піскен нанды жұлып жеп жүр. Жоқшылықта өскен балалар қарнымыз ашты деп тамақ та сұрамайды.

«1996 жылы Шымкенттен әйелім, екі баламмен көшіп келдім. Ұзақ уақыт пәтер жалдап жүрдік. Үш жыл бұрын саяжай аумағынан жер алып, үй салып жатырмын. Қаржының жоқтығынан құрылысым аяқталмай тұр. 18 жастағы үлкен қызым гумманитарлық колледждің соңғы курсында оқиды. Оған жылына 140 мың төлейтін едік. Биыл жұмыссыз қалған соң ол да салмақ болып тұр. Екі балам мектеп жасында. Түске дейін бірін, түстен кейін екіншісін сабаққа апарамын. Кішкентайым жеті айлық. Оның да уақытымен сүтін беру керек», - дейді Бақыт Шыныбеков.

Отағасының айтуынша үйдің құжаттары да дұрыс емес. Рұқсат қағаздарын жасату үшін қаржы жоқ. Бақыт Шыныбеков қалаға келгенде өзінің жаман көлігі болғанын айтады.

«Жаман көлігіммен таксист болып жүріп, отбасымды асырадым. Ескі көлігім жиі бұзылып жүрген соң оны сатып, жаңасын несиеге алған болатынмын. Ақшасын төлей алмадым. Машинаны банкке қайтарып бергеннен кейін ақшасыз, дымсыз үйде отырып қалдым. Жазда ақша жинап, шешесінің қасында жатқан төрт айлық ұлымды алып келдім. Балама дәрігерлер көп көмек көрсетті. Дәрісі мен сүтін тегін береді. Кіші ұлды босанатын жылы үйде отын да болған жоқ. 2014 жылы бір баламызды шетінетіп алғаннан кейін әйелім қорқып, Таразға барып босанды. Ол кезде үйде жағатын көмір де болмаған еді», - дейді жоқшылықтан қажыған әке.

Отбасының қиын жағдайда тұрып жатқанын Құрбан айт күні көмек көрсеткендер әлеуметтік желіге салған. Қазір азық-түлік пен киім кишек әкеліп жатқандар көп. Екі күн бойы үйге қайырымды жандар ағылуда. Әркім қолынан келгенінше көмек көрсетіп жатыр.

Тағы да оқыңыздар:

Дариға Назарбаева сенат депутаты болды

Сәкен Жасұзақов Қазақстан Қорғаныс министрі болып тағайындалды

Тасмағамбетов Қазақстан премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды

Марат Бекетаев Қазақстанның Әділет министрі қызметіне тағайындалды

Қазақстанда Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі құрылды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1249864-aqtobede-42-zhastaghy-ake-esigi-zhoq-edeni/

pixel