RU

Тоқтар Төлешовтің әйелі мен тоқалдары туралы не білеміз? (фото, видео)

Мемлекеттік билікті күшпен тартып алмақ болған деп айып тағылған "Сыра патшасы" Тоқтар Төлешовтің әйелі мен тоқалдары туралы не білеміз? NUR.KZ порталы танымал кәсіпкердің шалқыған отбасылық өмірі туралы мәліметтерді назарларыңызға ұсынады.

Тоқтардың барлық сүйікті әйелдері 2 млн 282 мың теңгеден жалақы алып отырғаны туралы ақпарат otyrar.kz сайтында жария етілген. Олар зауытта әртүрлі сұрақтар бойынша жауап беретін директордың орынбасары болғанға ұқсайды.

"Төрт әйелі жұмыс істемейтін, жұмысқа келмейтін, олар бізде жалған түрде тізімде тұратын. Алайда айлық алатын. Мәселен Салтынбекова Сәуле экономика мәселесі бойынша бас директордың орынбасары болды. Есенбаева Назия ақпаратты қорғау мәселесі бойынша бас директордың орынбасары, Нұралиева Дина сыртқы экономикалық қызмет бойынша бас директордың орынбасары қызметінде болды. Ал Жорабаева Оразкүл стартегиялық жоспарлау бойынша бас директордың орынбасары қызметін атқарды", - дейді зауыт қызметкері.

Мекеме ай сайын Төлешовтердің отбасын асырау үшін 60 млн теңге жұмсайтын деп хабарлайды КТК арнасы. Ол кірістерді әділетті бөліп жатқанына барлығын сендіретін. Бұл ретте сыра зауытының қызметкерлері тиын ғана алатын, тіпті айлап жалақы да алмайтын. Олар өздерін құл секілді сезінетінін де айтады.

"Бізді бағалмайтын еді. Бізді аспаз ретінде мүлде адам қатарына қоспайтын. Күн-түн демей қызмет ететінбіз. Ақша төлемейтін. Жұмыс және жұмыс", - деп әңгімеледі аспаз.

Төлешовтің тоқалдарының арасындағы ең танымалы - Дина Нұралиева. Ол "Қазақстан аруы - 2005" атағына ие болған. Бойжеткен бүгінде дизайнерлік қырынан да танылып жүр. Шымкенттік ару 2009 жылғы "Әлем аруы" байқауында топ-16 арудың тізіміне кірген. Бойы - 175 см, дене бітімі - 85-60-89.

Дина - "Шымкент аруы" байқауын ұйымдастыратын сән агенттігінің директоры деп жазады today.kz. Кәсіпкер күйеуге шыққан, кішкентай қызы бар деп көрсетілген сайтта.

Төлешов әр әйеліне шалқып өмір сүруі үшін бар жағдайды жасап отырған. Тіпті олардың әрқайсысына жекежайлар тұрғызып берген екен. КТК арнасында "сыра патшасының" төрт әйеліне сыйлаған жекежайлардың суреті жария етілді.

Төлешовтің балалары

"Террорлық қатерлерді сараптау орталығының" мәліметіне сәйкес, Төлешовтің 13 баласы бар. Алайда олардың арасында қоғам жақсы танитындары - Севиль мен Даниель.

Төлешов балалары үшін ешнәрсе аямаған. Олар ұйымдастырған жабық кештерде элиталық ішімдіктер судай ағып жататын деп хабарлайды КТК арнасы. Айрықша жабдықталған бөлмеде жастардың көңілін Иван Дорн, Марсель тобы, Тимати секілді ресей жұлдыздары мен тележүргізушілері көтеретін.

Ол өз жақындарына керемет салтанатты кештерді ұйымдастыра білетін, туған күндерді ерекше өткізу үшін ондаған мың доллар жұмсайтын.

«Менің әкем осы өмірдегі ең сыйлы адам. Мен оны барлығынан қадір тұтам, әкемнен басқа адамды құрмет тұтып көрген жоқпын. Мен басқа адамды құрмет тұтпаймын деп үміттенем", - деп өз ойын айтып тастады Төлешовтің ортаншы қызы Севиль.

Бойжеткен шын мәнісінде ешкімді сыйламаған. Өзінің достарымен ол үнемі клубтарға баратын. Ол жерде болғандардың барлығы өздерінің қауіпсіздігі үшін оған жоламауға тырысатын.

Севиль қандай нәрсе жасаса да ол ешбір жауапқа тартылмаған. Әкесі қызының Шымкентте жасаған әрекеттеріне көз жұма қараған.

Оның әкесінен алған қымбат сыйлықтарының арасында бірнеше мың доллар тұратын Rolex сағаттары мен Bentley автокөлігі болған.

Тоқтар Төлешовтің қызы сыра зауытының дәл қасында тұрған. Арнайы ол үшін ішінде барлық жағдайы жасалған үй-жай тұрғызған.

Бойжеткен кез-келген уақытта элиталық тағамға тапсырыс бере алатын. Оны төменгі қабатта дайындайтын. Тағамдарды арнайы аспаздар жасап, жеке даяшылар оны столға әкеп беретін болған. Қызметшілер үй иесінің кез келген қисынсыз тілектерін орындайтын.

Төлешовтер отбасы қалада жоғары санаттағы көліктермен жүріп-тұрған. Олардың орасан зор автотұрағында кез келген автокөлікті табуға болатын.

Төлешовтің қызы Айткүлді ұзату үшін жиналған халықтың арасында небір танымал тұлғалар бар. Бойжеткеннің әкесі салтанатты мереке үшін 700 мың долларын аяған жоқ.

Ал кіші қызының туған күні "Властелин колец" голливудтық блокбастер желісімен өткені жұрттың ерекше назарына іліккен болатын. Туған күн иесі фильмнің басты кейіпкерлерінің бірі - эльфтер ханшайымы Арвеннің кейпінде жүрсе, әкесі эльфтер патшасы - Эрлонд секілді киінген.

Туған күнге фильм кейіпкерлері секілді киінген қонақтар жиналған - эльфтер, хоббиттер, орктер, сиқыршылар, тіпті қара аруақтар - салт аттылар да болған. Түрлі безендірулермен өткен туған күнде "хобиттер ауылы", өзен, шайқас алаңдары да фильмге ұқсатылып қойылған.

Болжам бойынша, шақырылған басты әртістер қатарында ресейлік M-Band тобы бар.

Тағы да оқыңыздар:

Кәмшат Жолдыбаева жалғыздықтан құса болған әйелдің бейнесіне енді

Қайрат Мәми: 1 миллион 100 мың теңге жалақы аламын, құпия емес!

Еліміздегі ең қымбат нан Петропавлда сатылып жатыр

Шымкентте тәуіпке көрсеткеннен кейін 11 айлық сәби көз жұмды

Жүрегі сыр берген Атамбаев Түркияда ауруханада жатыр

Дубайда араб жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ қызы тойының қызықсыз өткеніне өкінді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1257754-toqtar-toleshovtinh-ayeli-men-toqaldar/