Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада дамуы артта қалған қыз баланың ата-анасы елден көмек сұрады (фото)

Жарияланған күні:

Психикалық дамуы артта қалған балаларға білім беретін Астанадағы «Арнайы түзету мектебінен» дау шықты.

Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Астаналық Айдос Измағамбетов редакцияға телефон шалып, аталған мекемеде оқитын қызының мектеп қызметкерлерінің салғырттығынан жарақат алғанын айтып налыды.

«2016 жылдың 5 қыркүйегінде таңертең қызымды сап-сау, еш жарақатсыз апарып тастағанмын. Сол күні сағат 16:30-да алып қайтуға барғанымда қызымның оң көзінің үсті, асты, маңдайы соғылып, жырылған күйде көрдім. Жаным ауырды.  Өйткені, қызымның онсыз да көзі нашар көретін және ойлау қабілеті де өз деңгейінен төмен ғой. Іш киімсіз жүргенін көргенде есімнен тана жаздадым. Іш киімін сұрағанымда қызымның кіші дәретке отыруды ескертпей, бүлдіріп тастағанын айтты», - дейді күйінген әке.

Оның үстіне мектеп-интернат қызметкерлері «Байқап сөйлеңдер, балаларың мына жерден шығып қалуы да мүмкін» деп Лиза Айдосқызының ата-анасына қоқан-лоққы көрсеткенге ұқсайды.

Орталық қызметкерлерінің жауабына қанағаттанбаған ата-ана мекеме басшысына кіргенін айтады. Мектеп директорының болған оқиғаға қатысты берген жауабы айды аспаннан бір-ақ шығарыпты.

«Менің де 9 жасар балам мектептен күнде жеңіл-желпі жарақат алып келеді, онда тұрған ештеңе жоқ», - деген директор Измағамбетовтерге алаңдамауын сұраған.

«Менің қызым сөйлей алмайды, ақыл-есінде ақаулар бар екенін біле тұра осындай жауапсыздық танытып отыр. 8 қыркүйекте Білім және ғылым министрлігіне хат жазғанбыз, әлі жауап жоқ», - дейді Лизаның анасы Дана Измағамбетова.

Бүгінгі таңда Лиза Айдосқызын ата-анасы мектепке жіберуге қорқып отыр.

Тағы да оқыңыздар: 

Алматы метросындағы қазақша жарнама көпшіліктің ашуын келтірді (фото)

Тұңғышбай Жаманқұлов мәдениет министрінің біраз былығын жайып салды

Дәрігерлер өлі туылған сәбиді қайтадан тірілтіп алды (видео)

Арыстанбек Мұхамедиұлының жаңа орынбасары тағайындалды

Бірнеше адамның дауысын шебер салатын келіншек желіде жұлдыз болды

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1270315-astanada-tarbieshiler-damuy-artta-qal/