Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әруақтарға сыйынбаймын деген Данияр Елеусінов сынның астында қалды

Жарияланған күні:

«Ата-бабаларыңның аруақтары үшін» деп Аллаға серік қосатын жандарды ұнатпайтынын айтқан Рио Олимпиадасының чемпионы, танымал боксшы Данияр Елеусіновті жұрт сынап тастады деп жазады rgmedia.kz.

Отандық басылымдардың біріне сұхбат берген боксшы: "Мен тоғыз жасымнан бастап рингте жүрмін. Одан бері 16 жыл өтті. Мектепте өте белсенді болдым. Барлық қоғамдық іс-шараларға қатыстатынмын. Қазір отбасылы адаммын. Алдымен бір жаратушыға, сосын барып өзіме сенемін! «Ата-бабаларыңның әруақтары үшін» деп Аллаға серік қосатындарды ұнатпаймын. Өзіміздің дәстүрлі ислам дінін қолдаймын. Қазақ дәстүрлерінің барлығын білмесем де, исламға қарсы келмейтіндерін ұстануға тырысамын", - деген боксшы қыруар қаржы ұсынса да өзге елдің намысын еш уақытта қорғамайтынын айтқан еді.

"Ешқашан да келісімімді бермеймін. Менің қаным қазақ, осы топырақта өстім. Кәсіби боксқа өткен күнде де Қанат Ислам мен Гена сияқты өз байрағымды алып, рингке қазақтың шапанымен шығар едім", - деді Данияр сұхбат барысында.

"Артынша, бұны жұрт жан-жаққа жорып шыға келді. Оның «ешқашан Отанымды сатпаймын» дегеніне «еріп кетпей», «әруаққа табынбаймын» деген сөзіне «жармасты». Оқырмандар екіге жарылды. Бірі Даниярды қолдаса, енді бірі оны «салафит», «дініңді сатқаның – Отаныңды сатқаның» деп айыптап шыға келді", - деп жазады басылым.

"Сұхбатты дұрыстап оқысаңыз, Данияр дәстүрлі дінді ұстанатынын, бірақ, әруаққа табынатындырды қолдамайтынын айтқан. Құран-Кәрімде де әруаққа табынуға болмайтыны жазылған. Қазіргі таңда діннен толықтай хабары бар адамдар әруаққа тек құран оқып, дұға бағыштап, Алладан медет тілейді. Ендеше, көпшілік боксшының ойын дұрыс түсінбеген секілді", - деп жазады басылым.

Тағы оқыңыздар:

Көңілді кештердің көркі болатын Ахметжан Есімовтің қыздары (фото)

Қайрат Нұртастың он жыл бойы жасырып келген жан жары кім? (фото)

Сырқатынан жазылған Назарбаев Әбу-Дабидің тақ мұрагерімен кездесті (фото)

Шымкенттік шенеунік жылудың бағасын көтеруге қарсы шыққан жігітті залдан қуып жіберді (видео)

Министрдің желкесінде тұрған теледидар Сапарбаевтың жүйкесіне тиді

Атыраулық зейнеткер ұл туып бермегені үшін әйелі мен үш қызын тастап кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1291632-aruaqtargha-syyynbaymyn-degen-daniyar/