Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздегі ең сапалы жұмыртқалар қайда шығарылады?

Опубликовано:

Ғаламтордан күнделікті қолданылып жүрген азық-түліктердің қалай дайындалатыны туралы видеороликтерді жүздеп табуға болады. Әсіресе, орамжапырақ пен көк бұршақтың, күріш пен жұмыртқаның Қытайдағы дайындалу процесі көпшілікті шошытқаны рас.

Осы орайда, отандық өнімдердің қаншалықты дұрыс жолмен өндіріліп жатқанын өз көзімізбен көрмек болып, Талдықорғандағы "Көгер" ЖШС «Ақ құс» сауда белгісінің фабрикасына жол тарттық деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Құс фабрикасының тіршілігімен таныспақ болған бізді жұмысшылар көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды. Мұнда түрлі ауысыммен жалпы есебі 249 адам жұмыс істейді.

Құстардың жемі қалай дайындалып, қапталған жұмыртқаларды еліміздің әр қаласына жөнелткенге дейінгі процес көз алдымыздан өткен соң, "Көгер" ЖШС«Ақ құс» сауда белгісінің фабрикасы дайындайтын жұмыртқаның сапасына еш күмәніміз қалған жоқ. Сонымен...

«Көгер ЛТД» ЖШС еліміздегі құс фабрикасы нарығында 1997 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт аралығында еліміздегі үздік тауар өндірушілер байқауында бірнеше рет топ жарған фабрика жақында «Халық маркасы» сертификатына да ие болды.

Фабрикаға кіре берісте бізді технолог Ольга Константинова күтіп алды. Өз саласын жетік меңгерген маман ең алдымен құстардың жем-шөбі қалай дайындалатынын көрсетіп, түгелдей автоматтандырылған жабдықтардың жұмысымен таныстырды.

«Біздің жем-шөп дайындайтын цехымыз өте үлкен. Сағатына 20 тонна комбикорм өндіреміз. Бір айта кетерлігі, бұл процеске адами фактордың қатысы жоқ. Яғни, барлығын компьютер өзі реттейді», - дейді технолог маман.

Жем-шөп өндіретін соңғы үлгідегі заманауи құрылғы компьютермен басқарылады. Ал компьютер арқылы құстардың әрқайсысына жеке-жеке рацион енгізіледі. Фабрика қызметкерлері құстардан жақсы өнім алу үшін оларды қоректендіріп, суару әдістерін ең бірінші орынға қоятынын жасырған жоқ.

«Осында өндірілген жемді арнайы көлікпен құс күркелеріне тасимыз. Мысалы, мен технологпын. Сондықтан, құстарға қандай рацион керектігін жазып беремін. Әрі қарай құстарға қанша жем беру керектігін тағы да сол компьютер өзі реттейді. Біз міндетті түрде жемнің сапасын, олардың дұрыс араласқанын қадағалап отырамыз. Негізінен, жем өзімізде өндіріліп жатыр. Алайда, құстарға берілетін амин қышқылдары мен өзге де ферменттерді Италия, Германия секілді шетелдерден әкелетініміз рас», - деген маман бізді құс күркелеріне алып келді.

Қазіргі таңда «Көгер ЛТД» ЖШС-не қарасты «Ақ құс» фабрикасында 13 құс күркесі бар. Мұнда 1120 мыңнан тауық бар. Алдағы уақытта жалпы саны 230 мың тауыққа арналған тағы екі күрке ашу қолға алынып жатыр.

Құс күркелеріне кіретін кез келген адам міндетті түрде санитарлық аймақтан өтеді. Себебі, күркедегі құстарға вирус ең алдымен адамдардың қолы арқылы келеді екен. Сондықтан құс күркесіне кірер кезде жұмысшылар міндетті түрде душ қабылдап, арнайы бахил мен униформа киеді. Ал әрбір жұмысшыға берілген арнайы униформалар күн сайын жуылып тұрады.

Тіпті, жұмысшылардың күркеге баратын жолы да арнайы көлікпен тазаланып, дезинфекцияланады. Мұның бәрі құстардың арасында қандай да бір эпидемияның тарап кетпеуі үшін жасалған қадам.

Құс күркесін бақылау толығымен автоматтандырылған. Мұнда бір бірімен соқтығысып жүрген адамдарды байқамайсыз. Әр күркеде екі адам ғана жұмыс істейді. Оның бірі құстарды күтіп, күркедегі тазалыққа жауап берсе, екіншісі техниканың дұрыс жұмыс істеуін қадағалайды.

Ұзындығы 96 метрге жететін екі қабатты құс күркесі мұнтаздай таза. Мұнда артық жатқан жем-шөп пен құстың саңғырығы жоқ. Жағымсыз иіс демде тазартылып отырады. Күркедегі арнайы температура 22-23 градусты көрсетіп тұр. Микроклимат тауықтардың өмір сүруі мен жұмыртқа басуына қолайландырылған.

Күркедегі әрбір торда 7 тауықтан орналасқан. Тауықтарға жем мен су берілер кезде шынжыр жылжытылады. Ал фабрикадағы жұмыртқа жинау тәсілі бізді одан әрі қызықтыра түсті. Мұнда жұмырталарды жинау үшін ешқандай адам күші қолданылмайды. Жұмыртқа лента арқылы домалап конвейерге түседі, конвейерден тағы да сол лента арқылы қоймаға жеткізіледі. Фабрикада күніне 800-900 мыңға дейін жұмыртқа жиналады.

Осылайша, жиналған жұмыртқалардың қапталып, аймақтарға қалай жөнелтілетінін көру үшін біз қоймаға бет бұрдық. Мұнда бізді «Көгер-ЛТД» ЖШС бас директорының өндіріс бойынша орынбасары Светлана Иванова күтіп тұр еді.

«Қоймада ешқандай да артық, сақталып тұрған өнімдер жоқ. Міне, жаңа ғана туылған, әлі суып үлгермеген жұмыртқаларды қораптарға салып жатырмыз. Конвейер арқылы қоймаға жеткен жұмыртқалардың микрожарықшақтарын арнайы жұмыртқасұрыптауаушы машинамен тексереміз. Жұмыртқалар осы қоймада түрлі категориялар бойынша сұрыпталады. Үстелге келген жұмыртқалардың шағылып қалмауын біздің жұмыс істейтін қыздарымыз қадағалап тұрады. Лазермен тексерілген әр жұмыртқаның салмағы өлшеніп, категориясы анықталады», - дейді Светлана Петровна.

Қоймада күн сайын 2,5 мың қорап жұмыртқа шығарылады. Маркасы жабыстырылып, салмағы өлшеніп, қорапқа салынған жұмыртқалар арнайы көлікке тиеліп, еліміздің әр аймағына аттанады.

Бүгінде «Ақ құс» сауда белгісінің жұмыртқалары Талдықорған, Өскемен, Алматы, Қарағанды, Астана, Атырау, Семей қалаларына жеткізіледі.

Компания түрлі кондитер цехтарымен етене жұмыс істейді. Сондай-ақ, фабрика мамандары «Ақ құс» жұмыртқалары жеткізілетін дүкендердің де жағдайын бақылап тұрады. Себебі, фабрикадан шығарылған өнімдердің әрі қарайғы сапасына сатып алушылар жауапты.

Сондықтан фабрика өкілдері шығарылған жұмыртқалардың дұрыс сақталуын, сатып алушыға дұрыс жетуін қадағалайды.

Тағы оқыңыздар:

Барак Обама АҚШ президенті ретінде қандай істерімен тарихта қалды?

Обама өзінің орнын кімге босатып береді?

Ұшақ ішіне кіріп кеткен жылан жолаушылардың зәресін ұшырды (видео)

​Ресейдің Қазақстанға сынақ орындары үшін қанша төлейтіні белгілі болды

ОҚО-да күркеде тұратын көпбалалы ана халықтан көмек сұрап отыр (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1309682-elimizdegi-enh-sapaly-zhumyrtqalar-qay/

pixel