Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ОҚО-да күркеде тұратын көпбалалы ана халықтан көмек сұрап отыр (фото)

Жарияланған күні:

ОҚО-ның Мақтарал ауданына қарасты Бескетік ауылында тұртатын алты баланың анасы Таңжарова Базаркүл дуалы опырылған ескі жатақханада тұратынын айтып, көмек сұрады деп жазады korrespondent.kz.

«Күз келе бастағаннан-ақ біздің көңіл-күйіміз нілдей бұзылады. Балаларымыз да жаңбырдан қорқып қалған. Былтырғы ерте көктемде жаңбыр ұзақ жауды да, кешкісін біздің күнімізге жарап отырған жарты ғасырлық тарихы бар ескі жатақхана гүрс етіп құлап түсті. Көз алдымызда опырылып түскен дуал алды әлі жасына да толмаған жас балаларға қатты әсер етсе керек, бүгінде жаңбыр жауса, балаларымның мөлдіреген көзінен «үйіміз құлап қалмай ма екен?» деген үрейді көремін» , - дейді балалардың анасы.

Жұмыссыз күйеуі Құрбанбек екеуі алты баланы асырап отыр. Жалдамалы жұмыспен күнелтіп жүрген олардың жер үй сатып алуға шамасы жоқ. Тіпті, пәтер жалдап тұруға да қиналады. Содан амал жоқ, жартысы құлап қалған ескі жатақхананы паналап отыр.

Жаңбыр жауған күндері, тіпті есіктің алдына шығудың өзі мұңға айналады. Өйткені айналасы күл-қоқысқа көміліп қалған ескі жатақта көлкіген суды қашыратын жер де жоқ. Шиеттей бала шаға қақаған суықта толарсақтан су кешіп жүруге мәжбүр.

«Біздің бұл жағдаймызды бүкіл ауыл біледі. Ауыл әкімінің де хабары бар. Ең құрығанда құрғақ жер басып жүрейік деп есік алдына тас төсеп беруін өтіндік. Көпшіліктің орны ғой, әкімшіліктен келіп біреу ұйымдастырмаса, бұл жердегілердің басы бірікпейді. Біріккен күнде де ортадан ақша жинауға көбінің шамасы келмейді... Күйеуімнің тұрақты жұмысы жоқ. Тапқан-таянғанымыз азық-түліктен артылмайды. Бұл түрімізбен біз қалай баспаналы боламыз? Ең құрығанда біз сияқты жағдайы жоқ отбасыларға ауыл іргесінен тегін жер берсе екен», - дейді Базаркүл ана.

Жарты ғасырлық тарихы бар жатақхана деп отырғаны – шын мәнінде баспана ретінде пайдалануға болмайтын, колхоздың ескі күркесі. Төбесінен су тамшылап, едендері опырылып, төрт қабырғасы теңселіп тұрған ескі күркеге кірудің өзі қорқынышты.

Жер сілкінісі бола қалса, ескі үйдің астында қалуың бек мүмкін. Онсыз да жартысы опырылып түскен үйдің үңірейген бөлмелері үрей шашып тұрғандай.

Тағы оқыңыздар:

Әлия Назарбаева көпшілікке күйеуі мен балаларын көрсетті (фото)

Ішімдікке сылқия тойған шымкенттік ер адам полицейлерді тоқпақтап тастады

"Алматы Тауэрс" ғимаратындағы өрттен қаза тапқандар студент болып шықты

Ақжарқын Тұрлыбайдың ұстазы: Ол ақкөңіл, сенгіштігінің кесірінен арандап қалды

Қостанайда жүкті әйел жолдың нашарлығынан перзентханаға жете алмай босанып қалды

БҚО-да ауыл әкімнің ұлын сыныптасы аяусыз ұрып өлтірді

Араб әйелдері күйеулерін қызықтыру үшін қазақстандық іш киімдерді кие бастаған (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1309530-oqo-da-dualy-opyrylghan-eski-kurkede-tu/