Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нәрестені аяусыз ұрған келіншекке қатысты жаңа дерек шықты

Опубликовано:

Нәрестені аяусыз ұрып жатқан келіншектің жантүршігерлік видеосына қатысты жаңа деректер белгілі болды деп хабарлайды 31-арна.

Бүгін  ғаламторда өзінің шамамен үш айлық баласын аяусыз ұрып жатқан келіншектің  видеосы пайда болып, оны көрген желі қолданушылары оның қатыгездігіне таң қалған болатын. Көрген адамның жаны түршігетін кадрларды желіге салған бойжеткен, шақалақ қыздың есімі - Айару, ал қатыгез анасының аты-жөні Айгүл Құрбанбаева деп көрсетіпті.  31-арна тілшілері анықтаған ақпарат бойынша,  Қарақалпақстаннан көшіп келген келіншек, өзі аяусыз төмпештеген сәбиін осы жылдың 21 қаңтары күні Қалқамандағы перзентханада босанған көрінеді.

Дәл осы видеоны әлеуметтік желіге салуға өтініш жасаған алматылық Жанар есімді келіншектің айтуынша, бұл кадрдағы сәбиді ұрып отырған өзінің анасы - 1987 жылы туылған Айгүл Құрбанбаева көрінеді. Жанардың айтуы бойынша, Қалқаман перзентханасына сұрау салғанымызда, 21 қаңтар күні расында да Айгүл Құрбанбаева есімді келіншектің босанғаны расталды. Бірақ ол тұрғылықты жерінің мекен-жайын нақты көрсетпепті. Яғни бұл ақпарат расталса, видеодағы шақалақ 10 айлық болуы мүмкін. Қазір бұл видеоны Еліміздің Бас прокуратурасы мен ІІМ криминалды полиция басқармасы жіті тексеруде.

"ІІМ ғаламторда жарияланған бейнежазбада сәбиді ұрып атқан әйелдің жеке тұлғасын анықтау үшін, барлық кажетті  шараларды қабылдап жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы толық, жан-жақты зерттелгеннен кейін, оның іс әрекетіне процесуалдық баға берілетін болады. Қазіргі күні бенежазба нақты зерттелуде", - дейді ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев.

Тағы да оқыңыздар:

Назарбаев тәулігіне небәрі 3-4 сағат ұйықтап жүргенін айтты

Нәрестені шапалақпен аяусыз ұрған қатыгез әйелдің әрекеті жан түршіктірді (видео)

Алматылық жігіттер үйленетін қыз жоқтығын айтып шағымданды (фото)

Көріпкел Ванганың сәуегейлігі: Обама - АҚШ-тың тарихындағы соңғы президент

Танымал тележүргізушілер бірін-бірі сөгіп, ел алдында қырқысып қалды (фото)

Үндістандағы ерекше жаратылған балаға тұрғындар бас иіп, құлшылық етуде

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1314246-naresteni-ayausyz-urghan-kelinshekke-qa/

pixel