Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздегі атақ-даңқтар кімдерге беріледі?

Опубликовано:

Жыл сайын желтоқсанда Қазақстан президентінің жарлығымен әр саладағы мемлекеттік сыйлықтар мен атақтар және медальдер табысталады.

Осы орайда egemen.kz басылымы республика бойынша жалпы қандай атақ-даңқтардың бар екені және олардың кімдерге берілетінін оқырман назарына ұсынады.

Ең жоғарғы мемлекеттік наградалар:

Алтын Қыран ордені — Қазақстан Республикасының ең жоғары дәрежелi ерекшелiк белгiсi болып табылады. «Алтын Қыран» орденiмен азаматтар Қазақстан Республикасына сiңiрген мемлекеттiк ерекше еңбегi үшiн наградталады. «Алтын Қыран» орденiмен бұрын Қазақстан Республикасының немесе КСР Одағының ордендерiнiң бiрiмен наградталған азаматтар наградталады. Қазақстан президентi лауазымы бойынша айрықша үлгiдегi «Алтын Қыран» орденiнiң иегерi болып табылады.

Халық қаһарманы атағы — Қазақстанға сiңiрген аса үздiк еңбегi, оның бостандығы мен тәуелсiздiгi жолындағы жауынгерлiк ерлiктерi үшiн берiледi. «Халық қаhарманы» атағына ие болған адамдарға айрықша ерекшелiк белгiсi — Алтын жұлдыз және «Отан ордені» тапсырылады.

Қазақстанның Еңбек Ері атағы — Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін беріледі. «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдарға айрықша ерекшелік белгісі — Алтын жұлдыз жөне «Отан» ордені тапсырылады.

Мемлекеттік сыйлықтар

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығы

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығы — республиканың экономикалық және әлеуметтік дамуын айтарлықтай жеделдетуге, қазақстандық ғылым мен техниканың әлемдегі озық жетістіктер деңгейіне шығуына әкелетін іргелі және қолданбалы зерттеулер саласындағы аса үздік нәтижелер үшін беріледі.

Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы

Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы- Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық Қазақстан Республикасының азаматтарына отандық мәдениетті дамытуға ерекше бағалы үлес деп танылған әдебиет пен өнер саласындағы аса үздік шығармалары үшін беріледі.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш президентінің мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы

«Дарын» мемлекеттiк жастар сыйлығы

29 жасқа дейінгі ғылым, шығармашылық және қоғамдық қызметте белгілі бір жетістікке жеткен жастарға тағайындалады.

Ордендер

Отан ордені

1993 жылы Қазақстан президентінің жарлығымен белгіленді. Бұл орденмен азаматтардың экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті дамытудағы; мемлекеттік, құқық қорғау және әскери қызметтегі, демократия мен әлеуметтік прогресті дамытудағы ерекше еңбегі марапатталады.

Даңқ ордені

«Даңқ» орденімен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлepi мен әскери құрамаларынын жоғары офицерлік құрамының, сондай-ақ прокуратура, ұлттық қayinciздік, iшкі істер және басқа органдар басшы құрамының адамдары әскерлерге басшылық ету мен басқарудағы табыстары, әскерлердің жоғары жауынгерлік әзірлігі мен елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз еткені үшін, әскери, шекаралық және ішкі қызметті үздік ұйымдастырғаны үшін, ұлттық қayiпcіздікті қамтамасыз еткені, заңдылықты және қоғамдық тәртіп күзетін нығайтқаны үшін марапатталады.

Айбын ордені

Орденмен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларының әскери қызметшілері, сондай-ақ прокуратура, ұлттық қayincіздік, ішкі істер органдарының және басқаларының қызметкерлері жауынгерлік даярлықта, әскерлердің жоғары жауынгерлік дайындық деңгейін ұстауда, заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде қол жеткізген табыстары үшін; әскери және қызмет бабындағы парызын өтеудегі көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, сондай-ақ мемлекет мүддесін қорғауда жасаған ерлігі үшін марапатталады.

«Айбын» орденінің үш: I, II және III дәрежелері болады.

І және II дәрежелі «Айбын» ордендерімен кіші және аға офицерлік құрамдағы адамдар марапатталады.

III дәрежелі «Айбын» орденімен солдаттар, матростар, сержанттар, старшиналар, прапорщиктер мен мичмандар марапатталады.

Парасат ордені

"Парасат" орденімен ғылым мен мәдениет, әдебиет пен өнер қайраткерлері, сондай-ақ республиканың рухани және интелектуалдық әлуетін дамыту мен молайтуға зор үлес қосқан немесе адам құқықтарын және оның әлеуметтік мүдделерін қорғау жөніндегі белсенді қызметі үшін азаматтарды марапаттайды.

Достық ордені

Орденмен азаматтар қоғамдағы ұлтаралық және азаматтық татулықты сақтау жөніндегі жемісті жұмысы үшін халықтар арасындағы бeйбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға ciңipreн еңбегі үшін марапатталады.

Құрмет ордені

Орденмен экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, білімді дамытуға еңбек сіңірген қайраткер азаматтар марапатталады. “Құрмет” ордені қазақ оюларымен нақышталған бес жұлдыз пішінде, оның астынан шапақты сәулелер көрінеді, ортасындағы шеңбердің ішінде гүл жапырақ бейнесіндегі айшықты өрнек, оның астында “Құрмет” атты жазуы бар.Орденмен азаматтар экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, бiлiмдi дамытуға сіңірген еңбектері үшін, мемлекеттік органдардағы үлгілі қызметі және белсенді қоғамдық қызметі үшін марапатталады.

Барыс ордені

Бұл орденмен Қазақстан Республикасынын мемлекеттігі мен егемендігін нығайту iciнe; бейбітшілікті, қоғамның топтасуы мен Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етуге; мемлекеттік, өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық қызметте; халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға; ұлттық мәдениеттерді жақындастыру мен өзара байытуға; мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды дамытуға ciңipгeн ерекше еңбегі үшін беріледі.

Бұлардан бөлек салалық және атаулы күндерге орайластырылып берілетін марапаттар бар.

Тағы оқыңыздар:

Пуэрториколық бойжеткен "Әлем аруы-2016" атағын жеңіп алды (фото)

Ақтөбеде Тәуелсіздік күні тойланып болған соң дереу жаңажылдық шыршалар орнатыла бастады

25 жастағы ақтөбелік жігіт ауыр тастың астында жаншылып қалды

Каспийде жоғалып кеткен мұнайшыларды 44 кеме мен 6 тікұшақ іздестіруде

Бейбіт Ыстыбаев қызды болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1351642-elimizdegi-ataq-danhqtar-kimderge-ber/

pixel