Атыраулық шопан қасқырмен арпалысып, жеті жүз бас қойды аман алып қалды (фото)
Жарияланған күні:
Атырау облысындағы Мақаш өндірістік кооперативі Сардар баба фермасының аға шопаны Әнуар Құбаев қасқырмен арпалысып, жеті жүз бас қойды қалай аман алып қалғанын айтып берді. Бұл туралы "Серпер" басылымының Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.
Оқиға 15 желтоқсан күні сағат таңғы алтыда Құрманғазы ауданының Мақаш ауылында болған.
"Таңғы алтыда ит үрген соң ұшып тұрдым. Өзім де мал қарайын деп, тұрғым келіп жатыр едім. Манағы иттің үргенінен кейін тез киіндім. Содан әйелім Зира мен көмекшім, ұлым Ибатолла Құбаевты дереу оятып, «қораға келіңдер» дедім. Жақындағанда қарасам, бір қасқыр қорадан ішке қарай секіріп бара жатыр екен. Мен де жетіп барып, аула есігінің алдындағы айырды ұстап, қора ішіне кірдім. Қойлар үркіп, үрпиіп тұр екен. Қасқыр да мені байқап қалып, маған қарай секірді. Ол менің басымды көздеген сыңайлы болды.
«Батырға да жан керек» демекші, мен қолыммен басымды қорғап қалдым. Сол кезде қасқырдың тістері қолыма қадалғанын сездім. Ойланып тұратын уақыт жоқ. Қасқырды бар пәрменіммен итеріп шегінген кезде екінші қолымдағы айырды мойын тұсына шаншып қалдым. Дәл тиген болу керек, қасқыр «қыңқ» етті де сылқ ете түсті. Бірақ, ол қайтадан тұруға талпынды, тұмсықтан жақсы етіп екі-үш рет періп жібердім. Қарасам көкжалдың тілі салақтап, өліп қалыпты. Шайқасты қарап тұрған зайыбым мен ұлым : - Ой, өзің күшті екенсің ғой, көкжалдың көкесін көрсеттің ғой", - деп мақтап жатыр деген шопан 715 бас аналық қойы дін аман қалғанын айтады.
Тағы оқыңыздар:
Шу тұрғындары Майра Рысманованың салтанатпен өткен жерлеу рәсіміне наразы болды
Алматы облысында дүниеге келген үшемге жомарт кәсіпкерлер 3 бөлмелі пәтер сыйлады
Төңкеріліп жатқан шаңырақ ақтөбелік тұрғындардың ашуын келтірді
Шымкенттегі жойқын жарылыстан зардап шеккен тағы бір азамат қайтыс болды
Ердоған Ресей елшісін өлтірген адам кімнің жақтасы екенін айтты
Өмірде жақсылық барына сендіретін 2016 жылғы ең жылы суреттер
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1355745-atyraulyq-shopan-qasqyrmen-arpalysyp/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.