Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адам сенгісіз жағдайда өмір сүріп жатқан жалғызбасты ана көпшіліктен көмек сұрайды

Опубликовано:

Алматы облысының тұрғыны, жалғызбасты ана жаны жомарт жандардан көмек сұрайды деп хабарлайды NUR.KZ.

Ұзынағаш ауданының тумасы Қалдыгүл Рахметова  «Ұлжан» ықшам ауданындағы пәтер ақысын төлей алмағандықтан, үй иелері оны екі баласымен қаланың шетінде орналасқан  үйге әкеп тастаған.

Үй деп айтуға келмейтін, не жарық, не жылу жоқ жерде өмір сүріп жатқандарына екі айға жуық уақыт болыпты. Сегізінші сынып оқитын ұлы мен екі жасар кішкентай баласы қанша отын жақсаң да жылымайтын суық «үйге» көшкелі аурушаң бола бастапты.

«Ауылдағы анам берген азғантай тиын-тебен тамақ алуға жетпей, бірнеше күн аш жүрген кездеріміз де болды», - дейді жалғызбасты ана.

Үлкен ұлы Мұқан пәндік олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүрген озат оқушылардың қатарында екен. Алайда, жарық жоқтығының кесірінен сабақ үлгерімі нашарлап кетіпті. Әрі анасына барынша қолғабыс етейін деп үй маңындағы сайдан ағаш теріп әкеліп, от жағу да көп уақытты алады.

Ал отбасына пана боп, екі баласын асырауға міндетті жолдасыңыз қайда деген сұрағымызға Қалдыгүл: «Ішімдікке салынып кеткен, қашан соңғы рет көргенімді ұмытып қалдым. Ол өзінің тапқан-таянғанын Сарыөзектегі анасына апарып береді, бізді мүлде ойламайды», - деп жауап берді.

«Жаны жомарт жандар қол ұшын созып, баспана мәселесін шешуге көмектессе, кішкентай баламды балабақшаға беріп, өзім жұмыс жасағым келеді. Үлкен ұлым мектеп бітіргенше аяққа тұрып кетсем деймін», - деп мұңын шақты көптің көмегіне зәру ана.

Көмектесем деген жандарға:

Рахметова Қалдыгүл

Байланыс нөмірі: 87475503980

Банктегі счет нөмірі: KZ519650000273757339

Тағы да оқыңыздар:

Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы қызының Қытай түрмесіндегі өмірі туралы айтты (фото)

Дональд Трамп өзінің ұлықтау рәсімінде танымал адамдарды көргісі келмейді

Ақтөбелік тұрғын ауыр дертке шалдыққан әкесіне бауырын бөліп берді

Қарттар үйіндегі шымкенттік қария жастарға жар таңдағанда абай болуды ескертті

Назарбаев Ресейде Путинмен кездесіп, ұшақ апатына байланысты көңіл айтты

Аптаның басы қазақстандықтарды жылы ауа райымен қуантпақ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1358526-zhalghyzbasty-ana-zhany-zhomart-zhandarda/

pixel