Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанадағы Экспо-2017 көрмесіне арнап салынған қуыршақтар елді шошытты (фото)

Опубликовано:

Қазақстандықтар Астана көшелерінде бой көтерген Expo-2017 көрмесіне арналған мүсіншелерді жақтырмай қалды. Желі қолданушылары "оларды талғамсыз" деп сөгіп тастады деп жазады NUR.KZ.

Астана көшелерінде Expo-2017 мүсіншелері пайда болды. Олар күн, су және жердің белгісі ретінде орнатылған. Қуыршақтарға берілген есімдер, сәйкесінше, Сәуле, Мөлдір және Қуат.

Әлеуметтік желілерде олардың суреттері пайда болуы сол-ақ екен, қазақстандықтар тарапынан сын айтыла бастады. Оларды "қорқынышты" деп атап, "Чаки" қуыршағына теңегендер де табылды.

"Оларды кім бекітіп жүр екен? Олар тіпті де сүйкімді емес. Неге үнемі осылай елге мазақ боламыз да жүреміз?", - деп наразы болды желі қолданушысының бірі.

"Қорқыныштысын-ай, бұл не мазақ? Олар қазақтарға емес, орыс ертегілеріндегі "Баба-Яга" кейіпкеріне ұқсайды", - дейді aliyamuslim есімімен тіркелген бойжеткен.

"Сұмдық, бұл шындық болуы мүмкін емес", "Автор бірдеңе шегіп барып, жасаған ба?", "Кукла Чаки - бұл сенбісің?", - деп жазады әлеуметтік желілер қолданушысы.

Кей желі қолданушысы бұл қуыршақтарды "масқара" деп атап, оны қайта жасауды талап етті:

"Өте сүйкімсіз. Бұлай масқара болудың қажеті не? Өтінеміз, қайта жасаңыздаршы".

Маскоттарды Бәйтеректің, Экспо-2017 кеңсесінің алдына және Орталық саябақ маңына орналастырған.

Тағы оқыңыздар:

Атырау әкімдігі екі жыл бұрын бақилық болған азаматқа жер берген

Алматыдағы "Арасан" моншасындағы "бассейнге іш киімсіз түсу" туралы жаңа талап елді дүрліктірді

Қостанайда 87 жастағы әжейді айуандықпен өлтіріп кетті

Арабтың қара жамылғысын киіп алған Мәдина Сәдуақасова жұрттың ашуына тиді (фото, видео)

13-жасар оқушыдан жүкті болып қалған мұғалім темір тордан бір-ақ шықты

Шымкентте "құрсақтағы баланың жынысын ауыстырып беретіндер" жұртты таң қалдырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1375534-astanadaghy-ekspo-2017-kormesine-arnap-sa/

pixel