Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сапарбаевпен іссапарға барған журналистерді ауыл әкімі дастарханнан қуып жіберді (фото)

Опубликовано:

Ауыл халқымен жиі кездесуге баратын Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың іссапарларына жергілікті БАҚ өкілдері де қатысады. Осындай іссапарлардың бірінде үш сағаттық жолдан келген журналистер тамақсыз қалды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Мұғалжар ауданына қарасты Ембі қаласының әкімі Ғалым Қобландин басшыларға жайылған дастарханды қызғыштай қорғап, журналистерді кафенің жарығы жоқ қараңғы бөлмесінде аш отырғызып қойған.

«Іссапар кезінде алыс жолдан келгенде түскі ас беріліп, кездесулерге барамыз. Ембі қаласына желтоқсан айында болған іссапарда келімсектердей сенделтіп қойды. Бәрімізді кафеге кіргізген. Бірнеше үстел жаюлы тұр. Біреуіне отырсақ, одан тұрғызып, басқасына жібереді. Оған барсақ, келесі үстелге жібереді. «Не істеп жүрсіңдер? Кетіңдер былай! Жүрме! Тұрма!», - деп жекіп тастады. Оның ауыл әкімі екенін кейін білдік. Тамақ сұрап келген адамдай дастархан жағалап, сенделіп жүрдік. Соңында қараңғы бөлмеге отырғызып қойды. Кейін кешірім сұрап, қайта дастарханға шақырды. Қорланғанымыз сондай, ауылдан нәр татпай аш кеттік», - дейді ақтөбелік журналистер.

Бастықтардың тамақ жегенін қараңғы бөлмеде қарап отырған тілшілердің қатарында «Қазақстан Ақтөбе» телеарнасы, «Ақтөбе» газетінің тілшілері және облыс әкімдігі баспасөз қызметінің жеке фотографы бар. Ауыл басшысының бұл әрекеті үшін әріптестері тілшілерден кешірім сұраған. Ембі қаласының әкімі олай ойламайды екен.

«Мен жас емеспін. Бұрын Атырау облысы Қаржы басқармасында жұмыс істедім, Шалқар қаласы әкімі аппаратында бас маман, Шалқар ауданында ауылдық округте әкім болдым. Жас деп 14-29 жастағы адамдарды айтады. Мен 1985 жылғымын, жасым 30-дан кетті», - дейді Ембі қаласының әкімі Ғалым Қобландин.

Ауыл әкімі дастарханға отырмақ болған тілшілерге не себепті ұрысқанын түсіндіре алмай састы.

«Енді ... Олай емес, бір түсінбестік болды», -деген Ембі қаласының әкімі журналистердің келесі сапарында әрекетін жуып шаймақ болды. Тіпті, түскі астан соң кешке қалып, қонақасы жеуге де шақырды.

Тағы оқыңыздар:

Дәрігерлер жүрекке отаны қалай жасайды? (фото +18)

Ақжарқын Тұрлыбай Қытай түрмесінде қандай жұмысқа салынды?

Астаналық келіншек Instagram-да құрбысының суретіне лүпіл басқаны үшін күйеуімен ажыраспақ

Тойда әйелдің мойнына мініп билеген ер адам көпшіліктен сөз естіді

Тәуекел Мүсілімнің қырғыз қызымен сүйіскен суреті желіні шарлап кетті (фото)

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1385344-saparbaevpen-issapargha-barghan-zhurna/