Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ енелері ұлы мен келінінің қайсысын көбірек жақтайды?

Опубликовано:

Қазақстандық енелер ұл мен келіннің арасында дау туындай қалса, кімнің жағына шығатынын айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы "Қазақстан" арнасының "Әйел бақыты" бағдарламасында айтылды.

Бағдарламаның кезекті саны ене мен келін арасындағы сыйластыққа арналды.

Қазақ енелері ұлы мен келіні арасында қандай да бір кикілжің орын ала қалса, кімге көбірек жақтасатынын жасырмай айтты.

"Көз алдарыңызға елестетіңіздерші: қолдағы ұл мен келін ұрысып жатыр делік. Сіз қай жақтың ұстанымын дұрыс деп табасыз?", - деген сұрақ қойылды енелерге.

"Мысалы мен екеуі ұрсысып жатса, келінге жақтасам. Себебі бала өзіңдікі. Оны өзегіңнен тепсең де кетпейді. Баяғыда айтқан ғой, келін - түйнек деп. Сол үшін мен келінге жақтасамын. Тіпті келіндікі дұрыс емес болса да, балама "қой" деп айтамын", - деді Шәрипа әжей.

Ал Қарақат есімді ене болса, бұл тұста екеуінің арасында төре болған жөн деп санайды екен. Ол өзінің 26 жыл жыл бірге тұрған енесінің мысалын келтірді.

"Ол кісі мақалдап сөйлеп, әділ төрелігін айтатын. Еріміз екеуміздің арамызда қандай да бір кикілжің бола қалса, әділін айтып, басу айтатын. Біз тоқтай қалатынбыз", - деді ол.

Ал Жұмабике апа болса, келінінің сөзін сөйлеуге тырысады екен.

"Төрт баламды өзім жеткіздім. Ата-енемнің тәрбиесін көрдім. Мысалы, мен өз келінімді өзімнің көрген тәрбиеме қарап ұстаймын. Мен көп жағдайда келінімнің жағына шығамын. Мысалы, келінім мен ұлым екеуі керісіп қалды делік. Біреуі бір жерге, ал екіншісі басқа бір жаққа барайық деп дауласып қалса, "екеуің бірге барыңдар, не мүлдем бармаңдар" деп төрелігін айтамын", - деді үшінші кейіпкер Жұмабике апа.

Тағы оқыңыздар:

Өзбек жігітінің жомарттығын қайталаған жігіт көпшілікке үлгі болды (фото)

Қазақстандықтар жаңа жылды тойлауға 920 млрд теңге жұмсаған

Дәрігерлер жүрекке отаны қалай жасайды? (фото +18)

Атамбаев ішімдік ішетін тұрғындармен өзі күресетін болды

"Асыл" тобы кішкентай жанкүйерлеріне қуаныш сыйлады (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1385820-qazaq-eneleri-uly-men-kelinininh-qaysy/

pixel