Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Психолог: Әкесі ішкіш қыздардың 60 пайызы сондай күйеуге шығады

Опубликовано:

Психолог Шынар Бұрханқызының айтуынша, әкесі ішкіш қыздардың 60 пайызы сондай күйеуге шығады. Бұл туралы писхолог ikerim.kz порталына берген сұхбатын айтты.

"Ұл бала әкесіне, қыз бала анасына тартылады. Олардың арасында биологиялық, физикалық байланыс болады. Ал ұл бала алты жасқа дейін анасымен жүріп, одан кейін әкесін іздей бастайды. Осы кезде оған ер адамның тәрбиесі керек. Сол кезде түрлі жағдайлармен әкесі болмай қалса, басқа ер адамның тәрбиесі болғаны дұрыс.

Ал әке қыздарына нәзік қарайды. Ол өзі өсірген қызын, басқа бір отбасыға өз қолымен алып барып беретінін біледі. Әкенің қаталдық танытуы артық болады. Себебі қыздың өмір бойына ер адамдарға деген көзқарасы дұрыс болмайды. Тұрмыс құру қиын болады, көп таңдайтын болады. Мынау менің әкем сияқты, алқаш болуы мүмкін деп ойлайды. Ол 60 пайыз жағдайда солай болады да. Өмір бойы әкесі ішіп қаталдық көрсетеді, одан кейін күйеуі де дәл сондай болады. Сосын «мен не жаздым, тағдырға?» деп отырады. Себебі қыз еркінен тыс түрде әкесіне ұқсас адам іздейді. Яғни, адам санасындағы сақталған файлдарға байланысты десек болады. Оны психологиялық түрде түсіндірсем, ұзаққа созылып кетеді. Жалпы оны қайталамас үшін қыздар өзін сыйлап, өзіне сенуі керек. Менің жанымда жақсы адам болады деп ойлағаны дұрыс. Кез келген адамнан жақсылық іздеуге тырысу керек", - деген психолог жақсы тұрмыс құрып, жақсы өмір сүру үшін не істеу керектігін де айтып берді.

"Ең бірінші кез келген адам өзін жақсы көруі керек! Таңертең тұрған соң бірінші өзіңді ретке келтіріп, айнаға қарап, өзіңді тамашалған дұрыс. Сосын әр адамның девизі болсын! Мысалы мен өзіме күн сайын «Менің өмірім күннен күнге жақсарады!» дегенді айтамын. Осындай жігермен үйден шығу керек. Көңіл-күйіңіз жақсы болса, адамдар да жақындай түседі", - дейді ол.

Тағы оқыңыздар:

"Меломен" тобынан кеткен Жігер Ауыпбаев әріптестері туралы бар шындықты жайып салды

Қожамжаров: Тұңғышбай Жаманқұлов мұндай қадамға барады деп кім ойлаған?!

Павлодарда "Алла" деген жазуы бар жұмыртқа табылды (фото)

Серік Ахметов ісі бойынша сотталған тағы бір адам бостандыққа шықпақшы

Алматыдағы қырғыз нөмірлі көліктерге қауіп төніп тұр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1403019-piskholog-akesi-ishkish-qyzdardynh-60-payyz/

pixel