Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұғалімдердің шынайы өмірін баяндаған бойжеткен көпшіліктен қолдау тапты

Опубликовано:

Әлеуметтік желі қолданушысы Роксолана Цой мектеп мұғалімі болудың қаншалықты қиын екенін жазды. Ол мұғалімдердің қағазбастылықтан құтылмайтынын айтып, ұстаз болудың кемшіліктерін тізіп шыққан деп жазады Baq.kz.

Кемшілігі:

1. Жалақы. 50-55 мың жалақымен, келісерсіз, қарызға ғана өмір сүре аласың. Қарыз аласың қайтарасың қарыз аласың. Тек жолыма жарты жалақым кетеді...

2. Жұмыс кестесі. Таңертең істейсің бе, түстен кейін бе, маңызды емес. Таңғы 8-ден 13.00-ге дейін жұмыс істей отырып, мұғалімдер жетіспегендіктен міндетті түрде біреуді алмастыру үшін түстен кейін де жұмыста қалатының белгілі. 12 сағат аяқтан тік тұрып жүргеніңе бәрінің түкіргені бар. Мектеп үйің. Шаршағаннан көзің ісіп, жанашыр әріптестеріңнің «түрің не боп кеткен?» деп аяйтыны бар (әйелдер ұжымы жыландар мекені). Ерік-жігерің де, фигураң да келмеске кетеді (себебі дұрыс тамақтану жоқ).

3. Қағазбастылық. Бітпейтін есептер, кестелер мен жоспарлар. Қолыңда «комиссия үшін» деген жалаумен ешкімге қажеті жоқ ақпараттар нығыздалған қырғын папкалар. Сол комиссия мектепте тұратын сияқты өзі. Бітпейтін тексерулер. Комиссияға дайындығымызды тексеретін комиссиялар бар. Тексерушілер сен оқытатын оқушылардан да көп, қандай да бір құжат жетіспей қалса, әркім сені жай ғана мақұлық емес, үш еселенген мақұлық қып көрсеткісі келеді. Әрине, дәптерлер... Бітпейтін тау-тау дәптерлер. Сыныбыңда 37 бала болса, 37 дәптерді 4-ке көбейтсең, кешке тексеру керек дәптер саны шығады. Кейде бақылау жұмысы деген бонус бар.

4. Жалпыға ортақ білім. Жылына екі рет жазда және Жаңа жылдан соң, аяз сықырлап тұрған кезде пәтер аралап, 0 мен 18 жас аралығындағы балалардың тізімін жасаймыз. Егер біздің мектепте оқымаса, оның мектебіне барып, анықтама аламыз. Әрқайсымызда 100-200 пәтерден. Адамдар көзіңше есікті тарс жауып, боқ-ауыз сөз айтып, кейбірі қырындап жатқанда, сыпайылық танытып, бәріне төзуге тура келеді. Анықтама жинамай, бір пәтер қалып кетсе, сөгіс аласың. Үш сөгістен соң жұмысыңмен қош айтысуыңа болады.

5. Сыртқы келбетің мен жеке өмірің жайлы айтуға ауыз бармайды))) үсті-басың бор жағылған немесе сия-сия, киген киіміңе әжең ғана қызығады. Жұмыста өңшең әйелдер мен түте-түтесі шыққан физрук қана. Бір-екі жыл шыдасаң, сенің де тағдырың осындай болады. Зомбиге ұқсайтын қыз кімге керек? Қызығатын адам бар ма? Тып-тыныш)) Жігіттер-ау, қыдырмайтын, үйкүшік қыз қалаушы едіңдер ғой... Мен клубқа бармаймын, фейсконтрольден өтпей қалам). Қайдағы клуб, таңғы 6-да жұмысқа тұруым керек. Менің құрбы-құрдастарым өздеріне әдемі көйлек таңдап, ұзын кірпік жабыстырып жүргенде, мен кесте құрып, жоспар жазып отырам. Еркектерге өз-өзін күтетін қыз керек, сондықтан тағдырыңа көнуге тура келеді. Жеке өмір туралы ұмыт.

6. Мамандығымның жағымды тұсына келсек. Ол біреу ғана. Сені кіршіксіз, риясыз сезіммен жақсы көретін оқушыларың, әрине егер сен мен сияқты керемет мұғалім болсаң... Мен мектепке кіріп, бір күн бойы көрмей, сағынып, құшақтау үшін алдымнан жүгіріп шыққан балақайларды көргенде... Қателесіп, сөз арасында мама деп қалғанда... Кешегі күні қалай өткенін әңгімелеп бергенде... Салған суреттерін саған немесе мамасына сыйлағанда... Сен олардың ең жақын досы болғанда, мектепте не үшін жүргеніңді түсінесің.

P.s. Егер мені осы жазба үшін жұмыстан шығарып тастаса, кімде-кім мені жұмысқа алыңыздаршы...

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев әйгілі "Қыз Жібек" операсын тамашалады (фото)

Әдеби порталдың ашылуына келген министр өлең оқып берді

Қытайда жеңіліп көрмеген қазақ жауынгері қайтадан рингке шығады

Досын туған күнімен орыс тілінде құттықтаған Мейрамбек Беспаев елді таң қалдырды (фото)

22 жастағы даниялық бойжеткен ДАИШ-тың 100-ге тарта содырын атып өлтірді (фото)

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1406385-mughalim-boludynh-sansyz-kemshiligin/

pixel