Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбелік дем салушы: Намаз оқитын адамның да ішіне жын кіреді

Жарияланған күні:

Қазір намаз оқысаң, ішіңе жын кірмейді дейтін түсінік қалыптасты. Бұл қаншалықты рас? Жын адам ішіне қандай жағдайда кіреді? Бұл сауалдарға 90 жылдардан бері ішіне жын кірген адамдарды емдеп келе жатқан ақтөбелік дем салушы Мұхаммед Дәулетбай Керек инфо порталына берген сұхбатында жауап берді.

"Жын адамның бәріне кіре береді. Тіпті қазіргі намазхан бауырларымыздың ішіне де жын кірген оқиғалар кездесті. Олардың атын атап, түсін түстемей-ақ қояйын. Намаз оқу – әр адамның Алла алдындағы парызы және жеке құлшылығы. Намаз оқыдым екен деп, басқа адамдарға төбеден қарап, өркөкіректік танытуға болмайды. Бұл мұсылмандық емес. Мұсылман адам-иманды, иманды адам-ибалы, ибалы адам- тәрбиелі деген сөз. Өз тәжірибемде ішіне жын кірген намазхан адамдарға дем салған сәттер болды. Намаз оқып тұрғанда артынан итеріп қалып немесе көзіне намаз үстінде бірдеңелер елестейтін адамдар келді. Сондықтан, намаз оқысам – барлық бәледен аулақ болам деп ойламау керек.

Бәле-жаладан аулақ болу үшін таза жүру, харам нәрселерге жоламау, ниетің мен ойыңды таза ұстау, сосын бес уақыт намазыңды қаза қылмай, шын ниетіңмен бес парызды орындап жүру керек. Алла қаласа, шипасын да, жақсылығын да үйіп-төгіп бере салады. Жындар адамдарға ең алдымен сиқырмен кiредi. Адам тәуiпке жақсы көрген немесе дұшпанының суретiн берiп, дуа жасауды сұрауы мүмкiн. Тәуiп өзiне қызмет етiп жатқан шайтанды шақырып, суреттегi адамға жындарды кiргiзедi. Сосын жын адамға күнә жасаған кезде кiредi, яғни, арақ iшiп, анаша тартқанда, зина жасағанда, таза емес жерлерде жүрген кезде жабысады. Сондай-ақ адам қатты шошынған немесе қатты қуанған кезде, адамның дене қызуы қатты көтерiлiп, бiрден түскен кезде де кiрiп кетуi мүмкiн", - деген дем салушы жын кірген адамды сүрелер оқу арқылы анықтауға болатынын айтады.

"Негiзi ғұламалар айтады: жыны бар адамның басын ұстап тұрып, аузыңызды құлағына тақап, асықпастан "Фатиха", сосын "Бақара" сүресiн оқысаңыз, адамның iшiнде жын болса, ол жылайды, айқай салады. Iшi ауырады, ашуланады, қашып кеткiсi келедi, жүрегi қысылады. Яғни, бұл сүрелердi оқыған кезде iштегi жын қиналады. Сондай-ақ сүре оқымастан-ақ адамның iшiнде жын бар екенiн бiлуге болады. Олардың белгiлерi: жыны бар адам Құран тыңдамайды, Құран оқылған жерден шығып кетедi, қараңғы үйде жалғыз отырғанды және әжетханада көп отырғанды жақсы көредi", - дейді Мұхаммед Дәулетбай.

Дем салушы сонымен қатар жындар адамдармен қатар өмiр сүрiп жатқан мақұлықтар екенін айтып, олардан қорықпау керектігін де атап өтті

"Жын да Алланың жаратқан жаратылысы. Оны оттан, адамды топырақтан жаратқан. Алла жаратқан адамнан қорықпаймыз ғой? Сол секілді, жыннан да қорықпау керек. Жындар да мұсылман, кәпiр болып екiге бөлiнедi дейдi. Ол рас. Пайғамбарымыз жындарды үш түрге бөлiп берген. Бiрiншiсi – ауада ұшатын жындар, екiншiсi – жылан мен иттердiң суретiне енетiн жындар, үшiншiсi – әртүрлi бейнеге ене алатын жындар. Сондай-ақ иман келтiрген және иман келтiрмеген жындар бар. Оларды мұсылман және кәпiр жындар деп бөледi. Жалпы алғанда, жындар адамдармен қатар өмiр сүрiп жатқан мақұлықтар. Жейтiн тамақтары, iшетiн сулары бар. Мұсылман жындар пайғамбарымызға келiп: "Ей, пайғамбар, сенiң үмбеттерiң малдың сүйегiне, тезегiне дәрет сындырмасын. Өйткенi Алла сол сүйек пен тезектi бiзге тамақ қылып бердi" деген. Мұсылман жындардың тамақтары – "бiссiмiләмен" сойылған хайуандардың сүйектерi және тезектерi. Мұсылман жындар намаз оқиды, қажылық қылады", - дейді Мұхаммед Дәулетбай.

Тағы оқыңыздар:

Орталық Азия елдеріне Путин келе жатыр

Ұлттық компаниядағы басшысымен төсектес болудан бас тартқан жігіт жұмысынан қағылды

Риода атой салған Елдос Сметов белгісіз балуаннан ұтылып қалды

Бiлiм министрі мұғалiмдердi қағазбастылықтан құтқарамын деп уәде берді

Өзін пышақтамақ болған шымкенттік тұрғынды көршілері әзер құтқарып қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1420550-aqtobelik-dem-salushy-namaz-oqityn-ada/