Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық гейлер Абайдың қара сөзін өздеріне ұран қылып алды

Опубликовано:

Қазақстанда гей, лесби және бисексуалдардың өмірі мен құқы жөнінде жаңа портал пайда болды. Kok.team сайтының басты бетінде Абай Құнанбаевтың қара сөзі жарияланған деп хабарлайды NUR.KZ.

"Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады", - деп келтіреді портал Абайдың сөзін.

"1 наурыздан бастап гейлер, лесбилер мен бисексуалдардың өмірі туралы Kok.team қазақстандық ақпараттық-сараптамалық портал өз жұмысын бастады. Гей, лесби және бисексуалдардың мәселесіне арналған мақалалар мен зерттеулер нәтижесі осы тәуелсіз алаңқайда жарияланатын болады.

Сайтты ашудағы қажеттілікті бірнеше себеппен түсіндіруге болады. Қазақстандықтардың арасында орта есеппен 7-10 пайызы дәстүрлі емес жыныстағы адамдар (әртүрлі жастағы жалпы саны 1,5 миллион адам).

Оның үстіне қазіргі таңда елімізде сол топқа арналған осы тақырыптағы қызықты ресурстар жоқтың қасы.

Гей, лесби және бисексуалдар өмірі туралы сайтты еріктілер жасап шықты.

Жоба авторлары порталда гей, лесби, бисексуалдардың өмірі мен зерттеу нәтижелерін жариялайды", - деп көрсетілген сайтта.

Тағы оқыңыздар:

Айфон, құндыз тон, аста-төк той: Қазақстандықтардың басында қанша кредит бар?

Психологтар еліміздің министрлерді галстуктарына қарап сипаттап берді (фото)

Еліміздегі тұрғындар тілекті Алладан емес, теңгеден сұрай бастады (фото)

Ильхам Әлиевтің әйелі президенттің сенімін ақтау үшін барын салатынын айтты

Танымал режиссер атышулы Ninety one тобы туралы фильм түсіреді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1425127-qazaqstandyq-geyler-abaydynh-qara-soz/

pixel