Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сенатор Қызылорда облысында уақытты бір сағат кейін жылжытуды ұсынды

Опубликовано:

Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы Қызылорда облысында уақытты бір сағат артқа жылжытуды ұсынды деп жазады Sputnik.

Бейсенбі күні премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа сауал қойған сенатор Қызылорда, Қостанай, Ақтөбе облыстары бұрын бір сағаттық белдеуге тиесілі болғанын айтты. Алайда кейін Қызылорда мен Қостанай облыстарында уақытты бір сағат алға жылжытты. Сенатор осы жайтқа алаңдаулы.

"Географиялық белдеу бойынша табиғи биологиялық уақыттан ауытқу халықтың денсаулығы мен көңіл-күйіне, күнделікті тіршілігіне теріс ықпалын тигізіп, жылдар бойы қалыптасқан өмір сүру ритмін бұзады", - деді Бақтиярұлы.

Оның айтуынша, зерттеулерге сәйкес мерзімінен тым ерте ояну созылмалы аурулардың асқынуына, қан айналымы жүйесі дертінің пайда болуына, қатерлі ісікке, суицидке, жол апатының көбеюіне, жаңа науқастардың туындауына әкеп соғуы мүмкін.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстаннан қашып кеткен олигарх шетелде қалай өмір сүріп жатыр? (фото)

Баян Есентаева Алагөзовпен бірге күніне 25 мың доллар тұратын қонақүйде демалуда (фото)

Қасымов ЭКСПО-дағы көпірдің құлауына қарапайым жұмысшыларды кіналады

Сегіз рет тұрмысқа шыққан Алматы тұрғыны тағы да ажырасып жатыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1426574-senator-qyzylorda-oblysynda-uaqytty/

pixel