Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзінен жеті жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан ару бақытты отбасының сырымен бөлісті (фото)

Опубликовано:

Бес жыл бұрын өзінен жеті жас кіші жігітпен агент арқылы танысып, тұрмыс құрған Әсел Карипова бақытты отбасының сырымен бөлісті. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Пендеміз ғой" ток шоуына сілтеме жасап хабарлайды.

"Басында қарсы болды... Қатты ғашық болсаң, ешкімді тыңдамайсың. Үйленіп, бала болғаннан кейін бәрі ұмытылды", - дейді Әселдің жолдасы Асқарбек Есенқайыр.

Әселдің жеке бизнесі бар, жолдасы мемлекеттік қызметте. Шаңырақ құрғалы алты жыл өткен олар құдды бір кеше танысқандаймыз дейді. Қазір екеуінің үш жастағы Мансұр есімді ұлдары бар. Бұл отбасы махаббат жасқа қарамайды дегенмен толық келіседі.

Әсел күйеуінің жақындары екеуінің шешіміне тікелей қарсылық көрсетпегенін айтуда.

"Жас айырмашылығы үлкен болса, қиындықтар туындайды. Оның бәрінен өттік, шешімін таба алдық. Қазіргі уақытта бір бірімізді бірден түсінеміз деуге болады... Ризамын. Дәл осы адаммен тұрмыс құрғаныма өзімді бақытты сезінемін", - дейді Әсел Карипова.

Тағы оқыңыздар:

Президент үш министрді тікелей өзі тағайындайтын болды

Депутат Хаменова: Мен президентті жақсы көремін

Бердібек Сапарбаев түскі аста 120 теңгелік котлетпен тамақтанатын болып шықты

Семейде иттің етінен кәуап жасайтындар халықты шошытып отыр (фото)

Министр Сағадиевтің әкесі ұлының қызметіндегі дауға пікір айтудан бас тартты

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1429904-ozinen-zheti-zhas-kishi-zhigitke-turmysqa/

pixel