Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Намазға асыққан жүргізуші 6 жасар баланы қағып кетіп, көмектесуден бас тартқан (фото)

Опубликовано:

Қырғызстанда Наталья Морозованың алты жасар баласын қаққан көлік иесі намазға асығып бара жатырмын деп  көмек көрсетуден бас тартқан. Қазіргі таңда ауруханада жатқан Алексейге әлі екі ота жасату керек екен. Әділдікке қол жеткізгісі келетін Наталья zanoza.kg сайтынан көмек сұраған деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Сокулук ауданының 26 жастағы тұрғыны Алексей есімді 6 жасар ұлымен серуендеуге шыққан. Жоғары жылдамдықпен келген көлік баланы қағып кеткен кезде анасы мен баласы жолда жүріп бара жатқан. «Көлік тоқтамастан бұрын, 15 метр жүрді. Жүргізуші біраз адам жиналып қалғанын көргеннен кейін көлігінен түсіп, бізге айқайлай бастады», - деп есіне алады Наталья.

Анасы есінен танып қалған баласы екеуін ауруханаға алып баруын талап етеді. Алайда, көлік жүргізушісі клиент көлікте күтіп отыр деп үзілді-кесілді бас тартқан. Белгілі болғандай, бүлдіршінді қағып кеткен ер адам такси жүргізушісі екен.

«Ол мені жынды деп айыптап, күтуге уақыты жоқ екенін, намазға асығып бара жатқанын айтты», - деп шағымданды Наталья.

Дәрігерлер Алексейдің белі және жіліншігі сынып, көп мөлшерде қан жоғалтқанын айтады. Бірінші күні-ақ балаға ота жасалынған, кейіннен тағы да екі ота жасалуы қажет болған.

Оқиғаға кінәлі Нұрбек Имнақұлов баланың ем-домын төлеуден бас тартып отыр. Натальяның айтуынша, алғашқы екі күнде Нұрбектің ағасы барлық шығындарды төлеген, алайда кейіннен көмекті тоқтатып қойыпты.

Кінәлі такси жүргізушісі телефон қоңырауларына жауап бермей, отбасыға көмек көрсетпеген. «Баламның еміне қаражат жеткізу үшін барлығымыз смартфондарымыз бен компьютерлерімізді сатып жібердік. Ал оның отбасы маған қысым көрсетіп жатыр», - дейді Морозова.

Бірнеше күн бұрын Нұрбек Иманқұловтың анасы мен әпкесі ауруханаға келіп, баланың апасымен жанжал шығарған екен. Әйелдің айтуынша, "оның төрт баласы бар" деп арызын қайтарып алуға үгіттепті. Оларға жауап ретінде «Біздің баламыздың жағдайы не болмақ?» деп айтып, бұл істі сотқа дейін жеткізуге дайын екендіктерін мәлімдеген.

Сокулук аудандық Ішкі істер бөлімінің тергеушісі де нақты ешнәрсе айтпай отыр. Қағып кеткен ер адамды тұтқындап немесе оның ешқайда кетпеуі керектігі жайлы үкім шығаруға асықпайтын көрінеді, олар бұл ісін такси жүргізушісін айыптайтын дәлелдердің жеткіліксіз болуынан деп түсіндіреді.

Мұндай үкімді тек баланы ауруханадан шығарғаннан кейін ғана алуға болады екен. Ал баланы аяғына ота жасағаннан кейін барып қана шығарады. Оған өте қымбат мөлшерде платиналық штифт қажет екен. Оған қаражатты ЖКО шенеунігі төлеуі қажет, алайда ол қоңырауларға жауап бермей отыр. Қысқасы, шешімі күрделі тұйықталған шеңбер болып тұр.

Тағы оқыңыздар:

Сағадиев өзінің отставкаға кетуін талап еткендерге жауап берді

ОҚО билігі мереке қарсаңында 12 батыр ананың өтінішіне құлақ аспаған (фото)

Димаштың анасы: Ұлымызды аңдып жүрген қыздарды үйге кіргізіп, шәй бердік

Парижді бағындырған қазақстандық сәнгер Семей әкімдігіне қалай жұмысқа тұрды?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1432630-namazgha-asyqqan-zhurgizushi-6-zhasar-bala/