Дәрігерлер атауы өзгертілген көшені іздеп жүргенде сырқат сәби өліп қала жаздады
Жарияланған күні:
Астанада дәрігер көмегіне зәру болған нәресте өлім аузынан аман қалды. Биліктегілердің көше атауларын өзгертуге деген әуестігінің салдарынан жедел жәрдем қызметі тамағы ісіп кеткен 4 айлық балаға жете алмай дал болған деп хабарлайды NUR.KZ.
Астананың ескі және жаңа атаулары тұрғындарға көптеген келеңсіздіктер туғызып келетіндігі жасырын емес. Бас қалада көше атауларының жиі өзгертілуінің салдарын қарапайым халық көріп отыр. Оларға құжаттарын ауыстыру үшін ХҚКО-ның табалдырығын тоздырудан басқа амал жоқ.
Биліктегілердің көше атауларын өзгертуге деген әуесқойлықтары 4 айлық қыз баланың өміріне қауіп төндіріп, кесірін тигізе жаздады. Жұлдыз есімді жас ана бұл туралы Facebook желісіндегі астаналық топтардың біріне жазған.
"4-ші наурызда, 6 айлық балам ауырып қалды. Тамағынан тұншығып, даусы жоғалып кеткен бала жылаумен болды. Мен үйде жалғыз едім. Тұңғышым болғандықтан мен не істерімді білмей қобалжи бастадым. Бұған дейін менің бір құрбымның ұлы ларингит болып ауырған еді. Аурудың барлық белгілері есімде қалыпты.
Тездетіп небулайзерді (ингалатор) қосып жедел жәрдем шақырдым. Баламның жағдайы еш өзгеріссіз болды. Шақырған жедел жәрдем де келіп жетер емес. Сөйтсе, дәрігерлер біздің мекен-жайымызды көше атауы өзгертілгендіктен таба алмай жүрген. Еңбекшілер көшесі жақында ғана Бөкейхан көшесі деп ауыстырылған еді. Бұндай атаулы көше қаланың оң жақ жағалауында да бар", - дейді елордалық келіншек.
Астанадағы екі түрлі мекенжайларды жақсы білген жас ананың айтуына қарағанда, диспетчерге адрестің ескісі мен жаңасын түгелдей үтір-нүктесіне дейін айтып берген. Алайда берілген бұл ақпарат та жедел жәрдем қызметіне ешқандай көмек болмаған. Аталған жерді таба алмаған олар баласы ауыр халде жатқан анаға үш рет қатарынан қоңырау шалады.
"Ларингидте тамақ ісіп, бала дем ала алмай қалуы мүмкін. Өкінішке орай, қолымда ісікті басатын ешқандай дәрі-дәрмек, не супрастин, не зиртек болмады. Маған мекен-жайды сұрап үш рет қоңырау шалды. Кейіннен жедел қызмет тобы бұрынғы мекен-жайды айтпадың деп өзімді сөкті.
Мен абдырап қалдым. Олар жедел түрде укол салып, баламды аяғына тұрғызды", - дейді Жұлдыз.
Бүгінде жас ана баласының өлім аузынан аман қалғанына тек бір Аллаға ризашылығын білдіреді.
Тағы оқыңыздар:
Әйгілі Сары әулиенің ең жас тоқалы сүйіктісіне қыз туып берді (фото)
Назарбаев әйелдер қауымына өзі жұмыс істейтін жерді көрсетті (видео)
Димаштың анасы: Ұлымызды аңдып жүрген қыздарды үйге кіргізіп, шәй бердік
Намазға асыққан жүргізуші 6 жасар баланы қағып кетіп, көмектесуден бас тартқан (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1433311-astanalyq-darigerler-ozgertilgen-ko/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.