Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздегі ең үздік тележурналистер анықталды (фото)

Опубликовано:

Кеше, 17 наурыз күні Астанадағы «Қазмедиа» орталығының концерт залында «Тұмар» І ұлттық телевизиялық бәйгесінің жеңімпаздарын мараппатау рәсімі өтті. Аталмыш шарада 12 аталым бойынша сынға түскен үздік теле жобалар анықталған деп хабарлайды NUR.KZ.

Барша БАҚ өкілдері көз тіккен салтанатты кешке еліміздің танымал тұлғалары ерекше дайындықпен келіпті. Өйткені, олар марапаттау рәсімі басталмай тұрып арнайы жайылған қызыл кілеммен жүріп өтті.

Осы орайда, көпшіліктің назарына түскен Баян Мақсатқызы мен оның жаңа ғашығы Тұрсынғали Алагөзовтің аталмыш шараға қол ұстасып келгендерін айта кеткен жөн болар.

Сондай-ақ, елімізге есімі мәлім тележурналистер мен  режиссерлар да жүрді.

Мәскеуге бір ай демалуға кеткен танымал әнші Ерке Есмахан да бұл кештің көркін қыздырды.

Сонымен, әділ қазылар алқасы жабық дауыс беру арқылы анықталған үздік телевизиялық жобалар төмендегідей:

«Үздік әлеуметтік жоба» - «Қазақстан» ұлттық арнасы, «Айтуға оңай» бағдарламасы;

«Үздік ақпараттық бағдарлама» - «31» телеарнасы, «Информбюро» жаңалықтары;

«Үздік аймақтық ақпараттық бағдарлама» - «Қазақстан-Атырау» телеарнасы, «Адасқандар» бағдарламасы;

«Үздік аймақтық әлеуметтік бағдарлама» - «Рика ТВ» телеарнасы (Ақтөбе қаласы), «Город сегодня» бағдарламасы;

«Үздік ақпараттық-сараптамалық бағдарлама» - «Қазақстан» ұлттық арнасы, «Аpta.kz» бағдарламасы;

«Үздік музыкалық бағдарлама» - «ТV Key» ЖШС, «Музыкальный Перформанс»;

«Үздік әзіл-сықақ бағдарламасы» - «Балапан» телеарнасы, «Күлегеш» бағдарламасы;

«Үздік деректі кино» - «Хабар» телеарнасы», «Тайны и судьбы великих казахов» деректі фильмі;

«Үздік ток-шоу» - «КТК» телеарнасы, «Наша правда» ток-шоуы;

«Үздік телевизиялық телехикая» - «Қазақстан» ұлттық арнасы, «Әке» телехикаясы;

«Телевизиялық маусымның ең үздік оқиғасы» - «Атамекен» business channel телеарнасының ашылуы;

«Телевизияның дамуына қосқан үлесі үшін» - қоғам қайраткері, жазушы, журналист Сұлтан Оразалы;

Фото: әлеуметтік желілерден алынды

Тағы оқыңыздар:

Алматылық бойжеткен Баян Есентаеваның оқиғасынан соң еркектер туралы пікірін өзгертті

Шымкенттік сұлу модель жануарларға деген ерекше сүйіспеншілігімен көзге түсті (фото)

Наурыз мейрамында еліміздің басым бөлігінде күн шуақты болады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1442706-elimizdegi-enh-uzdik-telezhurnalister/

pixel