Қазақстанда ажырасқан қыздарға жұрттың көзқарасы қандай?
Жарияланған күні:
2016 жылы 50 мыңнан астам қазақстандық отбасы ажырасып кеткен. Ажырасудан кейін қайта отбасылы болу бақыты көбіне нәзік жандыларға бұйырмай жатады. Тіпті әйелдердің дені айырылысқаннан кейін балалардың болашағына деген бар жауапкершілікті өз мойнына алады. Осы орайда ажырасқан әйелдерге деген қазақстандықтардың көзқарасын NUR.KZ порталы анықтап көрді.
"Мен 33 жастамын. 21 жасымда тұрмысқа шығып, ұлды болдым. Бес жылдан кейін ажырасып кеттім. Ажырасуыма күйеуімнің жиі қол көтеретіні себеп болды. Айырылысқаннан кейін бұрынғы күйеуім ұлымен көп араласпады. Жылына бір көрінеді, алимент төлемейді.
Отбасым ажырасқаныма қуанып, мені барынша қолдады. Күйеуімді ұмыта алмай, ұзақ қиналдым. Жалғыз жұмыс істеп, балама қарадым. Осы уақытта қасымнан табылған анама рақмет. Содан кейін талай жігітпен кездестім. Олардың дені үйлену туралы ойлаған да емес. Кейбірі тоқал болуымды ұсынды. Алайда мен өзгенің отбасын құртқым келмеді.
Айырылысқаннан кейін сегіз жыл өткенде ғана өз өмірлік серігімді таба алдым. Ол менен кіші, үйленбеген. Ата-анасы мені баламмен бірге қабылдады. Оларға алғысым шексіз. Енді бәрі жақсы болады деген үміттемін", - дейді Марал.
"Жастар көбіне бір-бірімен келісімге келе алмай айырылысып жатады. Олар жауапкершілікке психологиялық тұрғыдан әзір емес. Ажырасу барысында бірінші кезекте балаңыздың жағдайын ойлағаныңыз абзал. Себебі, кез келген бала ата-анасының ажырасуын ауыр көтереді.
Анасымен қалатын балаларға кейін өгей әкесін таныстыруда абай болу керек. Баланың мұндай танысуларға дайын болуы өте маңызды. Бастапқыда уақытты парктерде қыдырып өткізсеңіздер, бала өзін еркін сезінетін болады", - дейді бұл жайтқа қатысты психолог Олеся Григорьева.
"Отбасында бәрі де болады, тек шыдау керек. Біздің менталитетпен айырылыспаған абзал. Екі баланың анасы ретінде мен ұлымның айырылысқан қызды қалыңдық етіп алуына қарсы болар едім. Олар өзі секілді ажырасқан еркектерге тұрмысқа шығуы тиіс", - дейді Гүлвира.
"Мен ажырасқанмын. Өзім секілді ажырасқан және баласы бар әйелді жолықтырдым. Біз бір-бірімізді жақсы көріп қалдық. Мен оның ұлын өз туған ұлымдай қабылдадым. Ата-анам бастапқыда қарсы болған. Бірақ кейін сабырға келді", - дейді Борис.
"Кез келген бойжеткен ажырасуы мүмкін. Мәселен, құрбым некесін бұзды, балалары жоқ. Жаңа жігіті оны ажырасқанын ешкімге айтпауға көндірмек болған. Алайда отбасын өтіріктен бастағысы келмеген құрбым онымен де айырылысып кетті. Ең өкініштісі, ол жігітімен 1,5 жыл бірге жүріп, тек некесін қиярда шынайы келбетін білді. Жігіті оның ажырасқанынан ұялатынын байқатты", - дейді Эльвира.
"Ажырасқан әйелдердің тоқалға айналып жатқанына қарсымын. Біз араб елдеріне ұқсамаймыз. Бізде ондай мәдениет жоқ. Бәрі қылмыспен аяқталуы ғажап емес, себебі біздің адамдар өзінікі деп тапқанды өзгемен бөлісетіндердің қатарынан емес", - дейді әдебиет пәнінің мұғалімі Мұрат.
Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз
⇓⇓⇓
Тағы оқыңыздар:
Шымкентте бір топ қалыңдық кала көшесінде шеру өткізіп, ақша жинады
Оралда бастығын айуандықпен өлтірген шенеунік сотта жауап беріп жатыр
Семей жұртын үрейлендіріп, жаппай бұзақылық жасаған 20 жігіт ұсталды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1461641-qazaqstanda-azhyrasqan-qyzdargha-zhurt/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.