Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы Әлем тілдері университеті 75 жылдығын тойлады

Опубликовано:

Елімізде жастарға сапалы білім беруде Абылайхан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті алдыңғы қатарда келеді. Биыл бұл университетке 75 жыл толды деп хабарлайды NUR.KZ.

Университеттің жоғарғы оқу орны  ретінде дамып қалыптасқан тарихына көз жүгіртсек, ол 1940 жылдың 16 қарашасында Қазақ мемлекеттік шет тілдер мұғалімдерін даярлайтын иституты болып құрылғаны белгілі. Студенттерді  қабылдау 1941 жылы басталып, осы жылдың соңында университеттің ең бірінші жарғысы қабылданды. Алғашында институт болып құрылған оқу орнында ағылшын, неміс, француз тілдерінде даярлайтын  үш факультет жұмыс жасаған. Кейін 1944 жылдың сәуірінен бастап Қазақ шет тілдер педагогикалық институты болып жаңарды.

Қазіргі кезде Абылайхан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің басты ұстанымы - бұрынғы тамаша педагогикалық дәстүрлерге сүйене отырып, барлық замануи және таңдаулы әдістерді басшылыққа алу. Осы ұстаным бойынша университет Қазақстан жоғары оқу орындарының рейтингісінде биік көрсеткіштерге қол жеткізді: академиялық көрсеткіштер бойынша мамандар даярлауда Абылайхан атындағы оқу орны бірінші бестіктен орын алды және қазақстандық жоғары мектептер арасында өз көшбасшылығын сақтап тұр. Өйткені ол әлемнің 16 тілінде кәсіптік білім беруді жүзеге асыратын танымал көп бейінді ғылыми-білім беру мекемесі болып танылды. Бұл университетке үлкен жауапкершілікті жүктейді, сонымен бірге күн сайын өсіп келе жатқан білім берудің ролі ұлттық бәсекелестікке қабілеттілікті қалыптастырудағы стратегиялық ресурсты көрсетеді.

Бүгінде университетте 7 базалық факультет жұмыс істейді: аударма және филология факультеті, педагогикалық факультет, менеджмент және халықаралық коммуникациялар факультеті, халықаралық қатынастар факультеті, шығыстану факультеті, қосымша білім беру факультеті мен экономика және құқық факультеті. Оқу орнының басты ерекшелігі университет түлектеріне сұраныстың болуы мен үш тұғырлы тіл саясатының ұстанымы.

Түлектердің  85 пайызы ЖОО бітірген жылдың өзінде-ақ жұмысқа орналасуы - олардың еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие болуының дәлелі.

Абылайхан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті халықаралық 14 беделді ассоциациялардың мүшесі.

Олардың қатарында Университеттердің Халықаралық ассоциациясы (ЮНЕСКО), Eurasia-Pacific United ассоциациясы, Туризм бойынша үш Халықаралық ассоциацияның (ATLAS, AMFORTH, EURHODIP), франкофондық университеттердің Халықаралық ассоциациялары (AUF), Жоғары мектеп ғылымдары халықаралық академиясы, Халықаралық қатынастар мектептері (МГИМО) ОӘБ ассоциациясы, ММЛУ ассоциациясы, Еуропалық тілдік кеңесінің (ELC) ассоциациясы, ШЫҰ-ына мүше елдердің гуманитарлық университеттері консорциумының, ЕврАзЭС-ке мүше елдердің лингвистикалық университеттері консорциумының, Бельгия EUPRERA (The European Public Relations Education and Research Association) ассоциациясының, The European Association for International Education (EAITE) ассоциациялары бар.

Айта кету керек, университет ЭКСПО - 2017 көрмесі үшін дайындаған бес тілдік сөздіктер мен тілашар кешендерін жасау құқығын конкурстық негізде жеңіп алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1465161-almatydaghy-alem-tilderi-universitet/

pixel