Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада студенттерге баннерді тіретіп қойған әкімнің орынбасары ұятқа қалды (фото)

Опубликовано:

Қызылордалық шенеуніктер халық алдында ұятқа қалды. Қалада өткен жиында сөз сөйлеген әкім орынбасарының артындағы баннерді студенттер тіреп тұрған.

Бұл туралы Facebook қолданушысы Махмуд Байходжаев жариялады деп жазады NUR.KZ.

"Қызылордада +34 градус. Көлеңкеде балмұздақтың өзі еріп кетеді", - деген жазбамен жарияланған фотоны желі қолданушылары қызу талқылады.

Өйткені, облыс әкімінің орынбасары Руслан Рустемов сөз сөйлеген кезде оның артқы жағындағы баннерді студенттер тіреп тұрған. Суретке қарап, студенттердің бірі сабағына дайындалып тұрғанын байқауға болады.

"Бәрінен бұрын мыналарға қиын болды. Стендтері де өз бетінше тұра алмайды", - деп жазады Серік Дюсенбаев есімді қолданушы.

Желі қолданушылары күннің астында тұрған студенттер мен оқушыларға аяушылық сезімдерін жеткізген. "Келесі жолы олардың өздеріне стенд ұстатып қою керек", "Орта ғасырлардың өзінде де мұндай болмаған шығар", "Қай дамыған елдің жастары баннер тірейді екен? Қай ата-ана оқуға баласын баннер тіреуге жібереді?" деп жазды қолданушылар.

"Түсіріп жүрген қара ниетті адамды таптым-ау. Бұны сұрастыра келе, жел итеріп кетпесін деп баннерді ұстап тұрғанын білдім. Күшті болсаң сауапты шараны ақпараттандырып, сауап жинамайсың ба өзіңе. Жамандықты бәрі көреді, жақсылықты жаны таза, адал адам ғана көре алады", - деп жазды Лаура Санжарова есімді қолданушы.

Студенттерді массовка үшін қолданған қала басшылығы осылайша тағы ұятқа қалды.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

"Қорғас ісі" бойынша сотталғандардың түрмеден босатылуы заңгерлердің түсінбестігін туғызды

Еліміздегі бірінші вице-премьердің немересі Лондонда "КСРО-2017" вице-аруы атанды (фото)

Талдықорғанда құлдыққа жегілген көпбалалы ана тіл тартпай кетті

Тәуекел Мүсілім қырғыз қызымен байланыста болғанын мойындады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1475833-qyzylordada-akimninh-orynbasary-soz-s/

pixel