Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бердібек Сапарбаев жаңа баспанаға кірген жастар үйінің алдында шашу шашты (фото)

Опубликовано:

Бүгін ақтөбеліктер бірлік күнін қоныс тойын тойлаудан бастады. Пəтер жағалап жүрген жастар мен су тасқыны кезінде зардап шеккен отбасыларға уақытша тұруға баспана берілді. Жас мамандар қуанышында шек жоқ деп хабарлайды NUR.KZ.

"Бұл біз үшін үлкен қуаныш. Өзім екінші топ мүгедегімін. Үш жылдан бері жұмыспен қамту орталығында жұмыс жасаймын. Ата-анаммен бірге бірнеше жыл 60 мың теңгеге пəтер жалдап тұрдық. Мүгедектігіме байланысты жұмысқа кірдім, бүгін баспаналы болып жатырмын. Біз секілді адамдарға үнемі қолдау көрсетіп жүретін əкіміміз Бердібек Сапарбаевқа алғыстан басқа айтарым жоқ",-дейді Мұсағали Есенғалиев.

Жастарды қызметтік баспанасымен құттықтап сөз сөйлеген облыс əкімі бірлікке татулыққа шақырып, жаңа баспананың айналасын таза ұстауды тапсырды.

"Мемлекет басшысы халыққа жағдай жасауды тапсырды. Жас жұмысшылардың негізгі мəселесі -баспана. Облыста бес жылда жеті мың жер телімі берілген. Биыл кезекте тұрған 10 мың адамға жер беріледі.

Кешегі су тасқыны кезінде зардап шеккен отбасыларға жер, баспана, қажетті көмек көрсетілетін болады",-деді облыс əкімі Бердібек Сапарбаев.

Бүгін Ақтөбеде 115 отбасыға қызметтік баспана берілді. Жастармен бірге қуанған əкім жатақхана алдында шашу шашты.

Жастарға қызметтік пəтердің кілті берілгеннен кейін ақтөбеліктер бірлік күнін тойлауға орталық саябаққа барды.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Бекман Сойлыбаев алғаш рет WBC International чемпиондық белбеуін жеңіп алды (фото)

Тазалық сақтаудың ерекше тәсілін ойлап тапқан шымкенттіктер таңғалдырды (фото)

Сенат сайлауына бюджеттен 92 миллион жұмсалмақ

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1481192-berdibek-saparbaev-zhanha-baspanagha-ki/

pixel