Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның атын әлемге әйгілі еткен 10 адам кім? (фото)

Опубликовано:

Қазақстанды әлем алдында танытып жүрген жұлдызды отандастарымыздың қатары күн санап көбеюде. Бүгін NUR.KZ порталы оқырман назарына Қазақстанды әлемге танытқан он жұлдызды ұсынады.

Елімізді әлемге танытқан жандар тізімі бұл ондықпен аяқталмайды. Біз бүгін солардың ішінен үздік дегендерін іріктеп алдық.

Марат Жыланбаев

Марат Жыланбаев 1963 жылы, тамыздың 19 күні Екібастұзда дүниеге келген. Ол - адамзат тарихында алғаш рет Сахараны жаяу, жалғыз өзі бағындырған адам. Марат Гиннестің рекордтар кітабына жеті рет енді.

Марафоншы өмірін отбасына арнаған. Бүгінде үш қыз, бір ұлдың әкесі.

Геннадий Головкин

Геннадий Головкин 1982 жылы сәуірдің сегізі күні Қарағанды қаласы, Майқұдық ауданында туылған. Кәсіпқой боксшы, орта салмақта өнер көрсетеді. The Ring журналына сәйкес P4P салмақ дәрежесіне қарамастан үздік боксшылардың ондығына кіреді.

Геннадий - Қазақстанды бокс әлемінде барша жер жүзіне танытқан спортшы. Бүгінде ол АҚШ елінде тұрады. Генаның күліп тұрған суреттеріне қарап, шет елдік БАҚ "Бір кездері сіздер көрген ең бақытты қаныішер" деп жазған.

Сәбина Алтынбекова 

Сабина Ақтөбеде 1996 жылдың 5 қарашасында дүниеге келген. Тайбэйде өткен қыздар арасында волейболдан 17-ші Азия чемпионатында ең сұлу волейболшы атанды.

Тайван, Жапония және басқа да көптеген азиялық телеарналар Сабина туралы репортаждар түсірді, ал интернетте көптеген роликтер пайда болды.

Димаш Құдайберген

Құдайберген Дінмұхаммед 1994 жылы 24 мамырда Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Димаш 2010 жылдан бастап халықаралық жарыстарға қатыса бастаған. Ол, сонымен қатар, "Шығыс базары" және "Мейкин Азия" байқауларының Гран-при иегері.

Димаш елімізді қытайлық "I am a singer" (Мен әншімін) телебайқауына қатысу арқылы әлем алдында кеңінен танытты.

Димаш арқылы миллиардтаған халық қазақ әнін тыңдап, кейбір қытайлықтар қазақ тілін үйрене бастаған.

Денис Тен

Денис Тен  1993 жылы, 13 маусым күні Алматыда дүниеге келген. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы. 2014 жылы мәнерлеп сырғанаудан Сочи олимпиадасының қола жүлдегері, 255,10 ұпаймен қола медальға ие болды.

Ол - мәнерлеп сырғанаудан 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс медаль жүлдегері. VІІ қысқы Азия ойындарында мәнерлеп сырғанаудан чемпион, Қазақстанның үш дүркін чемпионы.

Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері . Әлемдік рейтингте 18-орында тұр.

Гого Ашкенази

Жамбыл қаласында  1980 жылы, ақпанның бірі күні  дүниеге келген. Әлемнің ең бай әйелдерінің бірі, Vionnet/Paris сән үйінің иесі. Бала кезінде анасымен Мәскеуге көшіп кеткен.

13 жасында Гауһарды ағылшындық жабық мектепке берген, кейіннен ол Оксфордтың экономика-тарих факультетіне түскен.

Қазір ол қазақстандық жеке «МұнайГаз Инжиниринг Групп» компаниясының иесі. Ол әлемдегі ең мықты актерлар, әншілер және корольдік отбасылармен жақсы араласады.

Марат Бисенғалиев

Марат Сәметұлы Бисенғалиев - скрипкашы. 1962 жылы Алматы қаласында туған.

1996 жылы Нью-Йорктің Барбикан Холында Англияның камералық оркестрімен берген концерті оның халықаралық скрипка жұлдызы ретінде қалыптасуына зор ықпал еткен.

Қазіргі кезде Марат Бисенғалиевті әлемнің танымал сыншылары мойындап отыр. Оны “Қазақстанның бейбітшілік елшісі” деп атайды.

Қанат Ислам

Қанат Исламұлы 1984 жылы 13 қыркүйекте қытайдың Шыңжаң өлкесінде дүниеге келген. Қазақ кәсіпқой боксшысы, WBA FedeCaribe тұжырымының чемпионы.

Орташа жеңіл салмақ бойынша Кариб аймағының үздігі, қытайдың 10 дүркін чемпионы.

Қанат Ислам бүгінде "қазақ" деген лақап атымен Қазақстанның атын танытып жүрген сүйікті ұлдарының бірі.

Алан Бөрібаев

Алан Бөрібаев - әйгілі дирижер. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, көптеген еуропалық конкурстардың жеңімпазы. 1979 жылы Алматы қаласында туған.

2003—2007 жылдары Астана Мемлекеттік Филармониясы симфониялық оркестрінің бас дерижері, сонымен қатар 2004—2007 жылдары Майнингеннің бас музыка директоры.

2007 жылдан бастап Норчёпинг симфониялық оркестрін, 2007 жылдан нидерландтық Брабант оркестрін, ал 2009 жылдан бастап Ирландияның Ұлттық симфониялық оркестрін басқарады. Бүгінде әлемдік өнер сыншыларын мойындатқан үздік дирижерлардың бірі.

Мария Мудряк

Біздің ондықты қазақстандық опера дивасы Мария Мудряк аяқтайды. Ол Павлодар қаласында 1994 жылы, 6 сәуір күні дүниеге келген.

Марияның дауысы әлемнің ең үздік 10 сопраносы қатарына кірген.

Алғашқы «Машенька» альбомы Мудрякты әлем жұртшылығы алдында кеңінен танытты. Ол 10 жасында елімізден көшіп кеткенімен, әлі күнге дейін азаматтығын өзгертпеген.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Алматы тұрғындарын 2 балдық жер сілкінісі шошытты

Алтын унитаз ғана жетпей тұр: Астаналықтар әуежайдың жаңа VIP терминалын сынға алды (фото)

Орынға таласқан шымкенттік жүргізушілер халықтың алдында "концерт" қойды (видео)

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1483089-qazaqstannynh-atyn-alemge-aygili-etke/

pixel