Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда "элиталық жезөкше" бір түнде қанша табатынын ашық айтты

Жарияланған күні:

Оралда 23 жастағы жеңіл жүрісті Олеся есімді бойжеткен тәнін саудалағаннан қанша ақша табатынын NUR.KZ-ке жайып салды.

«Мен жезөкшелікке бір жылдан астам уақыт бұрын бет бұрғанмын. Алғашында бұл "кәсіпті" Ресейде дөңгелетпек болдым. Ол кезде кәмелетке толмаған едім. Екі айдай істеп, ата-анам біліп қойғасын үйіме қайттым. Екінші рет Оралда бес жыл өткесін қайта жеңіл жүріске салындым», - дейді ол.

Бойжеткен Оралда жеңгетайлар жоқтың қасы деген пікірде.

«Жезөкшелер жиналатын әр нүктеде тәулігіне 5000 теңге сыпырып отыратын әйелдер тұрады. Сол аралықта олар бізді қауіпсіз клиенттермен қамтамасыз етіп тұрады-мыс. Біз бұны салық деп атап кеткенбіз... Жүргізушілер мен сауна қызметкерлері де жезөкшеден табыс тауып қалуды көздейді. Саунада клиент барын айтқаны үшін оларға біз мың теңгесін беріп отырамыз», - дейді Олеся.

Олеся Оралда жезөкшелер жиналатын бес орын барын айтуда. Бірінде әдемі, жақсы киінген "элиталық" жезөкшелер жиналады. Олар сағатына 8-10 мың теңгеге тәнін саудалайды екен. Ал бір түнге қалталылар оларға 50 мың теңге тастап кететін көрінеді. Бойжеткеннің өзі де сол орында "жұмыс істейтінін" алға тартты.

«Ал ең арзан жезөкшелер көбіне тәрбиесіз болады. Бірінші келіп түскен клиентке жапа тармағай жабыса кетеді. Олар күтінбейді. Сағатына 3-5 мыңға қызмет етуге әзір», - деп жалғастырды Олеся.

Бойжеткен мамандығы бойынша жұмыс істеу тиімсіз екенін алға тартты.

«Мамандығым бойынша 40 мың теңгелік жұмыс қана табылады. Ол менің тек пәтерақыма жетеді», - деп мұңын шақты ол.

Олеся жас жігітпен бірге тұрып жатқанын айтып қалды. Әлі жұмыс таба алмаған жас жігіт оның үйіне кіріп алған және соның табысына күн көріп отыр.

«Жігітім - балалар үйінің түлегі. Жұмысым туралы біледі, дегенмен ұнамаса да шыдап жүр. Біз бір-бірімізді сүйеміз», - дейді Олеся.

Бойжеткен клиенттер арасында қарапайым жас жігіттерден бастап, белді шенеуніктерге дейін болатынын жасырмады.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Ана тілінде сөйлей алмайтын Әділет министрі қазақша сөйлеу үшін сабақ алып жүр

Билікке ашынған көпбалалы ана депутаттық сайлауға түспекші

Екі нәрестесі бар келіншек балаларын асырау үшін бүйрегін сатуға бел буған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1484463-oraldyq-zhezokshe-qansha-aqsha-tabatynyn/