Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ЭКО арқылы дүниеге әкелген ананың үш баласы бірдей сал ауруына шалдыққан

Опубликовано:

ЭКО арқылы дүниеге келген үш баласы бірдей сал ауруына шалдыққан Алматы облысының тұрғыны Гүлмира Омарова халықтан көмек сұрап отыр деп хабарлайды 31 арна.

Гүлмира Омарова тұңғыш қызымнан соң араға тоғыз жыл салып, бірден үшем туғанда қуанышым қойныма сыймай кетіп еді дейді. Ұлдарына үлкен үміт артып, Нұрислам, Нұрәли, Нұрмұхамед деген есім береді. Бірақ, отбасының қуанышы ұзаққа созылмады. Дәрігерлер алты айында сәбилерге сал ауруы деген ауыр диагноз қояды.

"Менің бір-ақ арманым осылар шауып кетсе, басқа арман болмаушы еді", - дейді Гүлмира Омарова.

Сәбилердің не себепті ауыр кеселге ұшырағанын дәрігерлер дөп басып айта алмайды. Бірақ, Қытайдың Шанси ауданындағы оңалту ауруханасы балаларды аяққа тұрғызуға мүмкіндік бар депті. Ол үшін үшем он ай бойы үзбей ем алуы керек. Балаларының қиналғанын көріп, қол қусырып отыра алмаған ана шот ашып, амалсыздан көмек сұрауға мәжбүр. Жеті миллион жинаған отбасына әлі 25 миллион теңге керек.

"Барлық дәрігерлер айтады олардың болашағы бар дейді. Тек сіздерге кету керек деп дәрігерлердің өздері айтып жатыр. Қазақстанда реабилитацияны күтсең жылдар өтіп кетеді", - дейді Гүлмира.

Гүлмира аурушаң балаларға жалғыз өзі қарай алмайды. Сондықтан, анасы күнде келіп көмектесіп тұрады.

"Қызымды да аяймын, тозып кетті байқұс. Балалар көздері жәудіреп жатады. Не отыра алмайды, не жүре алмайды", - дейді Гүлмираның анасы.

Үшем Астанада ем қабылдаған соң жағдайы жақсарып, ойыншық ойнап, ары-бері аунайтын жағдайға жеткен. Ал, ата-ананың ендігі үміті - Қытайдың ауруханасы.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

32 жастағы келіншекті баласымен қоса өлтіріп алған акушерлер жауапқа тартылды

Астанада "ақша жинаудан шаршаған" ата-аналар директордың жұмыстан кетуін талап етті

Кез-келген уақытта есінен танып қалатын семейлік тұрғын бірінші топ мүгедектігін ала алмай жүр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1492055-eko-arqyly-duniege-akelgen-ananynh-ush-b/