Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйелі түрмедегі қылмыскерге ғашық болған азамат министрден көмек сұрады

Опубликовано:

Түрмеде жазасын өтеп жүріп, бостандықта жүрген қыз-келіншектің басын айналдыратын қылмыскерлер жайлы талай ақпарат тараған еді. Сондай жайтқа тап болған отандасымыз Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтан көмек сұрады деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Жәбірленуші өзінің және отбасының қауіпсіздігін ойлап министрге интернет арқылы хат жазды. Оның айтуынша, құдай қосқан жары өткен жылдың қыркүйек айынан бастап түрмеде отырған сотталушымен телефон, интернет арқылы хабарласып, «желілік махаббат» құрған.

Әйелінің өзгеге көңілі ауғанын, оның ішінде түрмедегі қылмыскер екеніне көзі жеткен азамат отбасын сақтап қалу үшін жан жарының ойыншық махаббатқа алданып, адаспауын өтініп сұраған. Алайда, бірнеше күннен соң отағасының ұялы телефонына сотталушыдан үркітіп-қорқытатын хаттар түсе бастаған.

«Менің ұялы телефоныма «Күт! Мен сені жердің астынан тауып алып, сазайыңды беремін. Өмір сүруіңе қанша қалғанын есептей бер!» деп жазып, адамның басын кесіп жатқан ДАИШ жендеттерінің суреттерін жіберді. Осыған байланысты аты-жөні аталған сотталушының (сотталушының аты-жөні актта толық көрсетілген. NUR.KZ порталы жарияламауды жөн санады) ДАИШ террорлық ұйымымен байланысы бар-жоғын анықтауды және менің жеке басымның қауіпсіздігіне қатысты шара қолдануыңызды сұраймын», - дейді арызданушы.

Бір қызығы, сотталушы азамат бостандықтағы келіншекке түннің бір уағында интернет арқылы өзінің жеке суреттерін жіберіп, жиі телефон шалып тұрады екен.

Ішкі істер минситрлігінің қызметкерлері жәбірленушінің арызын қанағаттандырып, сотталушының заңнан тыс іс-әрекетін тексеру туралы шешімнің қаралып жатқандығын алға тартты.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Мамыр айында неге күн суытып кетті?

Димаш өзінің сүйікті қытайлық жанкүйерлерімен қуана қауышты (видео)

Денесіндегі татуынан құтылмақ болған ару қорқынышты күйге түсті (фото)

"Хаммер" лимузинімен кірпіш тасыған шымкенттіктер тағы да таң-тамаша етті (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1494448-ayeli-turmedegi-qylmyskerge-ghashyq-bo/

pixel