Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тартымды қазақ жігіттері өзінен үлкен қалталы әйелдерді қарату үшін арнайы курсқа барып жүр

Жарияланған күні:

Бүгінде қазақстандық жас, әрі тартымды жігіттердің арасында "пикаперлер" курсы сәнге айналып барады. Негізінен Пикап тренингтерге жеке өмірде жолы болмаған, қыздармен қалай сөйлесу керектігін білмейтін жігіттер барады. Бірақ, қазақстандық жігіттердің көпшілігі бұл курсқа көбіне ауқатты, өзінен жасы үлкен әйелдердің басын айналдыру үшін келеді дейді NUR.KZ тілшісіне алматылық пикап тренинг жүргізуші маман.

Есімін Алексей деп таныстырған пикап-тренердің сөзінше соңғы кездері мұндай курсқа жазылатын тартымды қазақ жігіттерінің саны күрт көбейген.

"Біздің орталыққа тек жігіттер ғана емес, қыздар да келеді. Пикап дегенді көпшілігі –өзгенің басын айналдыру, еліту деп қана түсінеді. Әсіресе курсқа келуші қазақстандық қыз-жігіттердің көпшілігінің мақсаты өздерінен жасы үлкен, ауқатты жандардың басын айналдырып, өз жағдайларын жасау.

Тағы оқыңыздар: Қарағанды облысында көлігі өртенген қорықшылардың өздері күдікке ілініп, дауға қалды

Курсқа қыздардан гөрі, жігіттер көп келеді. Олардың көпшілігі өте тартымды, денелері шымыр, спортпен айналысады. Біз өз тарапымыздан оларға бақытты қарым-қатынасты қалай құру қажет, әйелдердің еркектерден не қалайтынын қалай білуге болатынын және нәзік жандылардың басын сөзбен қалай айналдыру керек, оларды төсекте қалай елітуге болады деген сынды нәрселерді үйретеміз", - дейді тұтқаның ар жағынан бізге мән-жайды түсіндірген маман.

Айтуынша, мұндай курстардан кейін көпшілік жігіттердің жолы болып, ауқатты әйелдердің көңілдесіне айналып, қымбат көліктің иесі болып шыға келеді.

Тағы оқыңыздар: Атырау облысында болған жантүршігерлік бірнеше адамның өмірін жалмады (фото)

"Пикап курс кемінде үш күнге созылады, максимум бір апта. Әр топта бес адамнан болады. Бағасы минималды 50-60 мың теңгеден басталып, 100-200 мың теңгеге дейін жетеді. Оның үстіне "бастапқы" және "жалғастырушылар" деп екі топқа бөлеміз. Бастапқы топта қыздармен көп араласпайтын, төсек қатынасына икемі жоқ жігіттер келсе, екінші топ ол жағынан біраз тәжірбиесі бар, тек соны дұрыс пайдалана білмейтіндерге арналған", - дейді Алексей.

Біздің есігіміз кімге де болсын ашық деген маман Ресейден келгенмін дейді. Өзінің орталық курсы еліміздегі жетекші қалаларда ғана бар екен.

Тағы оқыңыздар: 10 жасар қызын төрт мың долларға сатпақ болған қатыгез әке елді шошытты (фото)

"Курсқа жазылушылардың көпшілігі Алматы мен Астана тұрғындары. Арасында ғана Атырау, Қарағанды, Шымкент қалаларынан келетіндер болады. Біз курстан кейін өміріңіздің жүз пайызға өзгеретініне кепілдік береміз. Бізге келушілердің көпшілігі өздері туралы ақпаратты айтқысы келмейді. Негізі мұндай курстарға жеке өмірін ретке келтіріп, сүйіктісін жолықтырғысы келетін жандар жазылса болады", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1517818-qazaqstandyq-zhas-zhigitter-ozinen-ulk/