Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көлігін сатып, ақшасын бір түнде жезөкшелерге жұмсаған жігіт өкініштен басын тасқа ұрды

Жарияланған күні:

NUR.KZ порталына хабарласқан оқырмандардың ішінде түрлі жайттарды бастан кешіргендер бар. Алайда көлігін сатып, ақшасын түгел жезөкшелерге жұмсаған жігіт бұрын соңды естімеген жайтты айтып берді. "Өмірде барлығын да көріп қалу керек" деген пікірде жүрген төрт баланың әкесі бір күнде бес жүз мың теңгеден астам ақшадан қалай айырылғанын айтты.

Өзін Бақытбек деп таныстырған жігіт ағасы бүгінде қырықтың қырқасынан асқан. Үйінде жары, кәрі әке-шешесі және төрт баласы бар.

Әкесі өмір бойы ауылдағы бір мекеменің басшылығында болғандықтан, ол не ішем, не кием, отбасымды қалай асыраймын деп бас қатырмаған.

Сондықтан да ол өмір бойы дұрыс жұмыс істемепті, бала-шағасы қазірде қартайған әке-шешесінің зейнетақысымен күн көріп отыр. Сонда да ол ақшадан тарықпаған.

Ара-тұра ішімдік ішіп, достарымен қыдырып бірнеше күн бойы үйге келмейтіні де болыпты. Астында көлігі болған Бақытбекке мұның барлығы аздық еткен көрінеді.

"Көлігім қайта-қайта бұзылып қала берген соң, әкем сатып басқасын алайық деді. Оның үстіне әке-шешем, әйелім де тұрақты жұмыс тап деп басымды ауыртты. Содан алдым да, бір күнде Audi маркалы көлігімді 750 мың теңгеге сатып жібердім. Қалтаға ақша түскен соң, досым келіп, жай ғана сыра ішпек болдық. Бар бәле содан басталды", - дейді ол.

Оның айтуынша, әңгімеден әңгіме шығып, ол досымен жеңіл жүрісті қыздарға бару туралы бәстеседі. Нәтижесінде олар екеуі екі қыз алып, Алматыдағы қымбат мейрамханалардан бір-ақ шығады. Аяғында олар мейрамханадағы қонақүйге барып, көңіл көтерген.

"Таңертең досым оятады. Жанымызда екі қыз. Қайтайық деп барлығының ақшасын төлемек болғанда, қатты таңғалдық. Мейрамхана, қонақүй, қыздар - мұның барлығына кеткен шығын бір көлігімнің құнына тең болды. Сөйтсек, ақымақ басымыз қыздар үшін сағаттап төленетін ақша туралы бас қатырмаппыз", - дейді сан соққан төрт баланың әкесі.

"Қазір көлігім де, тұрақты жұмысым да жоқ. Істеген ісіме қатты ұяламын. Кезінде оқуға түсірген, ақымақтығымның арқасында оқудан шығып қалдым. Енді міне, әйелім ғана үйде жұмыс істейді. Не оны тасып тұруға көлігім де жоқ", - дейді Бақытбек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1541966-koligin-satyp-aqshasyn-bir-tunde-zhezok/