Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы хан сарайындай VIP-вагонның бағасы белгілі болды (фото, видео)

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде қымбат жиһазбен безендірілген пойыздағы VIP-вагон жұртты қызықтырып қойды деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі.

  Бір минуттық видеода бүкіл бір вагонның іші көрсетілген.

Соның ішінде қос төсек қойылған жатын бөлме, оншақты адамға арналған дастарханы бар қонақ бөлме және жарқыраған санузел мен үлкен теледидар, қардай аппақ ыдыс-аяқты көрген отандастарымыз «бұл расымен де қазақстандық отарба ма?» деп таңданыстарын жасыра алмады.

Тағы оқыңыздар: "Канело": 16 қыркүйекте Головкиннің әлсіз тұстарын көрсетеміз

NUR.KZ тілшіcі аталған видеоны теміржол қызметкерлеріне көрсетіп, хан сарайындай вагонның қайда екенін білді.

Алматылық «Тұран Экспресс» компаниясы аталған видеодағы вагон өздеріне тиеселі екендерін жеткізді. Басшылардың сөзінше элиталы отарбаны жалға алу құны - 1 000 шақырымға 100-130 мың теңге.

«Бұл Алматыдағы 70004 нөмірлі вагон. Жеке тасымалға жалға беріледі. Видеодағы азаматтар шатаспасам онымен Астанаға бара жатыр. Элиталы отарба жайлы журналдарға жарнама да бергенбіз. Негізінде аталған вагонмен кезінде Дінмұхаммед Қонаев жүрген. Сол үшін де, оның суреті ілініп тұр. Бұдан басқа тағы бір вагон бар, бірақ ол салыстырмалы түрде сәл бағасы да арзан және іші де ондай керемет емес. Аталған отарбада даяшыдан бастап, кинотеатрға дейін бар, ішіне оншақты адам сияды. Бағасы жүрген жолына қарай. Мысалы Қаскелеңге бару бір басқа, Қостанайға жол жүрсе басқа сома. Орташа есептегенде, 1000 шақырымға 100-130 мың теңге. Кез келген адам тапсырыс беріп, жолға шыға алады. Тапсырыс көп те, аз да деп айта алмаймын. Айына бір рет жалға беріледі»,- деді «Тұран Экспресс» комапиясының қызметкері Дәурен Меңдібаев.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1582145-temir-zhol-basshylarynynh-khan-sarayynda/

pixel