Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда өмірі мектепке бармаған, дәрігерге қаралмаған егіздер табылды

Опубликовано:

Алматылық полицейлер туғалы бері мектеп көрмеген, балалармен араласпаған әрі бір рет те дәрігерге қаралмаған 11 жастағы егіздерді анықтады. Оның үстіне екеуі де психикалық ауруға шылдыққан деп хабарлайды КТК арнасы.

Дубровскийлер отбасының тұратын жері де заманауи тіршіліктен жырақта орналасқан. Мұнда жеңіл көлікпен келу мүмкін емес. Жаяулатып кемі бір сағатта жетуге болады. Осындағы егіздерді ювеналдық полиция өкілдері іздеп тауыпты. Шешелерінің айтуынша, жағдайлары жаман емес. Тек екі баланы мектепке апару қиын болып тұр екен.

Тағы оқыңыздар: Жігіттер өзіне ұнайтын қыздан неліктен қашады?

"Құжаттарымыз дұрыс. Тек мектепке апару қиын болып тұр. Сол мәселені реттеп берсе деген өтінішіміз бар. Тағдыр тәлкегімен әр жерге көшіп-қонып, осындай хәлге душар болдық. Қазір бұрынғыдан тәуір тұрып жатырмыз", - дейді егіздердің анасы Лариса Дубровская.

Осыдан 3 жыл бұрын Дубровскийлердің өз үйлері өртеніп кетіп, амалсыз анда-мұнда көше берген. Ал дәрігерлер 11 жасар Ульяна мен Назарға тілі мен қабілетінің дамуының кешеуілдеуі деген диагнозды 5 жыл бұрын қойып беріпті. Тірлішік тауқыметімен жүгірген анасы балаларының денсаулығына қарайтын шамасы болмағанын айтады. Енді екеуі арнайы интернатқа жатқызылмақ.

"Балаларды арнайы мектеп-интернатқа орналастыру мәселесі өзекті болып тұр. Алматы қаласына қарасты білім беру басқармасы қол ұшын созып, нәтижесінде бірінші қыркүйек күні екі бала да мектеп партасында отыратын болады", - дейді Алматы қаласы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Тағы оқыңыздар: Маңғыстауда үшем дүниеге келді (фото)

Полициядағылар балалардың шешесінің бір кездері ащы суға бас қойғанын анықтапты. Алайда олар балиғатқа жетпеген балаларын елден жырақ ұстаған анаға ешқандай шара қолданбады. Негізгі мақсат оларға тек көмек көрсету ғана дейді тәртіп сақшылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1601132-almatyda-omiri-mektepke-barmaghan-dar/

pixel