Барша мұсылманға рухани күш беретін Мекке мен Мəдина кереметтері
Жарияланған күні:
Қажылық сапарда жүрген қазақстандықтар Мина жазығына түнеп, шайтанға тас лақтырып жүр. Қасиетті мекенде Алладан дұға сұрап жүрген əйел адамдар қатарында қарт кісілер көп. Ер адамдар қатарында дінге бет бұрған жастар легі жетерлік деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.
Қажылар үш күн бойына шайтанға тас лақтырғаннан кейін Мекке қаласындағы қағбаға тəу етіп, онымен қоштасатын болады.
Рухани құндылықтарға толы Мекке мен Мəдине қалаларынан ұмтылмастай əсер алып жүрген қажылар үздіксіз құлшылық қылуда.
Тағы оқыңыздар: Алматыдағы "Адем" сауда үйінен өрт шықты (фото)
Мәдина қаласы тарихи орындарының көптігімен ерекшеленеді. Бір ауданның көлемін алып жатқан «Нұрлы Мәдина» мешіті осы қалада. Мұсылмандарға ерекше əсер ететін орындардың бірі. Онда арнайы күзеттер қойылған.
Олар намаз оқыған кезде мешітке сыймайтын адамдардың кіріп кетуін қадағалап жүреді.
Қасиетті қалада бірнеше құрма бағы бар. Құлшылық жасауға келген қажылар пайғамбарымыздың сүйсініп жеген құрманың дәмін тата алады.
«Бұл құрманың қасиеті үлкен. Таңғы ас кезінде оның жетеуін жеп шықсаң, шаққан жыланның да уы әсер етпейді. Тіпті, саған махаббат болып қалған қыздың сезімі де саған өтпейді»,-дейді Мұхамед Сойркас.
Тау мен тасты қажап салынған қалада қонақ үйлер көп. Мешіт айналасы сауда дүкендеріне толы. Әсіресе, қымбат қонақ үйлердің жанында алтын әшекейлер мен қымбат бұйымдар көп сатылады. Қалада мыңға жуық мешіт бар. Мәдинаның әр көшесінен Алланың үйін табуға болады.
Тағы оқыңыздар: Тасмағамбетовтің қызы Алматыда 1200 орындық мектеп - гимназия ашты
Араб елдері дінді қатты ұстанатын мұсылман қалаларының бірі. Онда заң талаптары күшті. Шетелдіктерге арналған бөлек абақты бар.
«Бұл жақта шетелдіктерге қысым көп. Негізгі тіл- арабша. Арабтарда фамилияның орнына руын айтады. Мәдина қаласында заң қатаң. Адам өлтіру оқиғасында бірден қылмыскердің басы шабылады. Сонымен қатар, мұсылман елінде есірткіге қатысты да заң талабы күшті. Есірткімен үшінші рет ұсталса басы шабылады. Ұрлық оқиғасында үш ескертуден кейін қол кесіледі. Жергілікті тұрғындар заң бұзушылыққа бармайды. Сырттан келгендер арасында ұрлыққа баратындар болуы мүмкін»,- дейді Мұхаммет Сойркас.
Мәдина қаласы қажыларға тегін құрма таратып құрмет көрсетсе, Мәдина қаласында зәмзәм суы таратылады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1604981-barsha-musylmangha-rukhani-kush-beretin-m/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.