jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
АК
Айжан Калиева
Бұрынғы қызметкер

Қажылықтан келген ақсақалдың аяғын сүйіп, ақ киізге салып көтергендер елді шошытты

: UGC

Әлеуметтік желіде қажылыққа барып келген қарияны ақ киізге көтеріп, аяғынан сүйгендер көпшілікті шошытты. Видеоны көрген желі қолданушылары аталған әрекетке қатысты түрлі пікір білдіріп, өзара дауласты деп хабарлайды NUR.KZ. 

Қарияны қарсы алушылар аулаға мерекелік шарлар іліп, ақ жібек мата жайып, оның үстіне раушан гүлдерін сеуіп тастаған. Бір қарағанда "Қыз Ұзату" тойындағы заманауи шығарып салу дәстүріне ұқсайды. Кейіннен қолына нан ұстаған ақ киіздегі қартты алып кіреді. Оны көрген қарсы алушы топ "Аллаху Әкбар, Аллаху Әкбар" деп, қарияның аяғын сүйіп, денесін ұстайды.

Тағы оқыңыздар: Алматы облысында жаңа түскен келін қалың малын төлетіп алып қашып кеткен

Видеоны көрген желі қолданушыларының бірі мұны ежелден келе жатқан қазақтың дәстүрі десе, енді бірі аталған жәйтті жат ағым өкілдерінің әрекеті деген болжам айтты.

"Қажылықтан келген кісі ғой. Туған туыстары күтіп алған. Кішкене артықтау", "Бұл кəдімгі қазақылық қой, артық қылам деп тыртық жасайтын", "Масқара, бұл кім сонша? Ақ киізге тұрғызып, xан сияқты күтіп алды ғой. Аллаға серік қосу ғой мынау", "Қажылықтан келген ұстазына көрсеткен құрмет. Пайғамбарымыздың с.а.с басқан жерін басып келген аяғын жерге тигізбей күтіп алу ежелден бар",  "Неге адамдар тәу етіп жатыр?! Алладан басқа ешкімге иілуге болмайды ғой", "Мынау адасушылық қой, сұмдық ай! Мен қыз ұзатылып жатыр ма десем", - деп жазған желі қолданушылары. 

Қажылықтан келген ақсақалдың аяғын сүйіп, ақ киізге салып көтергендер елді шошытты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.