Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қанша адамды құтқаратын еді: Әріптестері ұшақ апатынан қаза болғандар туралы айтып берді

Опубликовано:

Медицина профессорлары Талғат Патсаев пен Жәнібек Артықбаевтың Алматыдағы ұшақ апатынан қаза болғаны туралы хабарды олардың әріптестері ауыр қабылдады. Бұл туралы NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды.

1993-1994 жылы Талғат Патсаевқа ұстаздық еткен медицина ғылымдарының докторы Вячеслав Локшиннің айтуынша, Талғат еңбек жолын шымкенттік перзентханадан бастаған.

Кейін Алматыға қайтып оралып, ғылыми-зерттеу институтына аспирант атаныпты. Сол жерде ғылым докторы дәрежесін алған Патсаев клиникада консультант болып та еңбек етіпті.

"Қаза болған профессор жүрегі кең, мейірімді жан еді. Оның шеберлігінің арқасында, бірнеше мыңдаған сәби аман-есен дүниеге келді. Олардың қазасы туралы хабар мен үшін күтпеген қайғы болды. Сене алар емеспін. Талғат Патсаев пен Жәнібек Артықбаев нағыз қаһармандар", - дейді Локшин.

Талғат Патсаевтың №5 перзентханадағы әріптесі Tengrinews.kz сайтына оның қандай қызметкер болғанын айтып берді.

Тағы оқыңыздар: Қажымұқанның жапон палуаны Саракикидің мойнын үзген кездегі видеосы табылды (видео)

Әйелдің сөзіне сенсек, Талғат әр сәбиге үлкен жауапкершілікпен қарайтын өз ісінің шебері болған.

"Ол қашан да шындықты қолдап, өз ойын айтудан тайсалмайтын. Мәселен, Патсаев жүкті әйелдерге берілетін окситоциннің мөлшерлемесіне қатысты Денсаулық сақтау министрлігінің хаттамасына қол қоюдан бас тартып, хаттама Қазақстанда бекітілмеді. Себебі, оның мөлшері аяғы ауыр әйел үшін тым көп еді. Көп ұзамай барлық әлем медицинасы мөлшерлемені қайта қарады", - дейді әйел.

Алайда, дәрігердің айтуынша, Патсаев соңғы күндері көңіл-күйсіз жүріпті. Ол дәрігерлердің жалақысының тым аз болғанына күйінген екен. Профессор әріптесіне ауыр ота жасағаны үшін соқыр тиын алатынын айтып, шағымданыпты.

Тағы оқыңыздар: Белгісіз жігіт мұсылмандар отбасына шошқаның басын лақтырып жіберді

Профессор Жәнібек Артықбаев Қазақстан-Ресей медуниверситетінде ұзақ уақыт еңбек еткен. Әріптестері оны қарапайым жылы жүзді адам ретінде есіне алады.

"Олар әлі қанша дәрігерді оқытып, қанша науқасты құтқара алатын еді. Орны толмас қайғы", - дейді әлеуметтік желіде Айгүл Нығманова.

Екінші ұшқыш Евгений Кутафиннің болса, артында әйелі мен кішкентай ұлы қалды. Олар Оралда тұрып жатыр деп жазады NUR.KZ ұшқыштың әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.

19 қыркүйек күні Евгений 30 жасқа толған болатын. Парашютке әуес азамат талай жарыстарда жеңімпаз атанған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1637049-qansha-adamdy-qutqaratyn-edi-ariptest/

pixel